Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 327 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 14985 болып тіркелді

      "Cот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 327 бұйрығымен
бекітілген

Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері

      1. Осы Сот сараптамасы органдары сот сарапшыларының жүктемелері нормативтері (бұдан әрі – Нормативтер) "Cот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Нормативтер жүргізілетін сараптамалардың күрделілік дәрежесіне байланысты бір сот сарапшысына келетін сараптамалар саны жүктемесінің нормасын айқындайды.
      3. Жүктеме нормативтерін айқындау кезінде сот-сараптамалық зерттеулердің күрделілік дәрежесі бойынша төрт санатқа бөлінетіндігі ескеріледі:
      1) жай – стандартты, зерттеудің көп еңбек сіңіруді қажет ететін әдістерін қолдануды талап етпейтін, күрделі емес объектілер бойынша;
      2) күрделілік дәрежесі орташа – бұл ретте объектілердің сапалық және мөлшерлік сипаттамалары, сондай-ақ сот-сараптамасы зерттеулерінің пайланылатын әдістемелері белгілі бір уақыт шығынын талап етеді;
      3) күрделі – ұзақ және көп ғылыми еңбек сіңіруді қажет ететін, аспаптық әдістерді қолдануды, оқиға орнына шығумен байланысты алынған нәтижелерді терең талдауды талап ететін, көп объектілі, көп сұрақтары бар сот-сараптамалық зерттеулері;
      4) аса күрделі – жаңа объектілердің өзіне ғана тән, стандартты емес, сондай-ақ әдістемелік және ұйымдастырушылық жағынан күрделендірілген, соның ішінде ахуалдық міндеттерді шешу жөніндегі зерттеулер.
      4. Сот медицинасы, сот психиатриясы және сот наркологиясы саласындағы сараптама түрлерінен бөлек түрлердің бөлінісіндегі күрделілік дәрежесі бойынша жүктеме нормативтері осы Нормативтерге 1-қосымшада келтірілген.
      5. Сот медицинасы саласында сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшылары жүктеме нормативтері осы Нормативтерге 2-қосымшада келтірілген.
      6. Сот психиатриялық және сот наркологиялық саласында сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшылары жүктемелерінің нормативтері осы Нормативтерге 3-қосымшада келтірілген.
      7. Сот сараптамасы органына материал келіп түскен кезде сот сараптамасы органының басшысы алдағы жүргізілетін сараптамалық зерттеудің күрделілігін алдын-ала бағалайды, сараптаманы жүргізудің мерзімін анықтайды және оның сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
      8. Сараптаманың орындаушысын анықтау сот сарапшыларының лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес жүргізіледі;
      9. Сараптамаларды бөлу кезінде құрылымдық бөлімше шегіндегі қызметкерлердің сараптамалық жүктемесінің біркелкілігі сақталады.
      10. Сараптама өндірісі аяқталған соң сот сараптамасы органының басшысы сараптамалық зерттеудің күрделілік дәрежесін сот сараптамасын жүргізу үшін келіп түскен материалдарды тіркеу журналында тиісті белгілерді енгізе отырып нақтылайды және орындаудың нақты мерзімідерінің бақылау мерзімдеріне сәйкестігін тексереді.

  Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының
жүктемелері нормативтеріне
1-қосымша

Жүктемелер нормативтері


р/с

Сот сараптамасының түрлері

Сараптамалардың күрделілік санатына байланысты бір қызметкерге арналған айлық норма (сараптама саны)

Жай

Күрделілікдәрежесі орташа

Күрделі

Аса күрделі

1

2

3

4

5

6

1

Құжаттардың сот сараптамасы

1

3

1

1

2

Сот портреттік сараптамасы

1

1

3

Сот бейнефонографиялық сараптамасы

1

1

4

Сот фототехникалық сараптамасы

1

1

5

Сот трасологиялық сараптамасы

1

2

1

1

6

Сот баллистикалық сараптамасы

2

2

1

1

7

Заттар мен материалдардың сот сараптамасы

1

1

1

1

8

Жол-көлік оқиғасы жағдайлары мен көлік құралдарының сот сараптамасы

2

2

1

1

9

Сот экономикалық сараптамасы

2

2

1

1

10

Сот тауартану сараптамасы

2

2

1

1

11

Сот құрылыс сараптамасы

1

1

1

12

Сот технологиялық сараптамасы

1

1

1

1

13

Сот өрт-техникалық сараптамасы

2

2

1

1

14

Сот жарылыс-техникалық сараптама

1

1

1

1

15

Есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы

11

2

1

1

16

Сот биологиялық сараптамасы

1

1

1

1

17

Сот молекулярлық-генетикалық сараптама

2

1

18

Адамның психофизиологиялық процесстерінің сот сараптамасы

1

1

2

1

19

Сот экологиялық сараптамасы

1

1

21

Сот дінтанушылық сараптамасы

2

2

22

Сот техногендік апаттар сараптамасы

1

1

  Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының
жүктемелері нормативтеріне
2-қосымша

Сот медицинасы саласында сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшылары жүктеме нормативтері

№ р/с

Лауазымдар атауы

Лауазымдар саны

Сот-медициналық сарапшылардың лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:

1

Ұйымның (филиалдың) өңірлік өкілдігінің мәйіттердің сараптамасы бөлімшесінде
Жылына, мәйіттің әрбір 100 сараптамасына 1 лауазым

2

Ұйымның өңірлік өкілдігінің жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сараптамасы бөлімшесінде
Жылына, тірі адамның әрбір 700 сараптамасына 1 лауазым

3

Ұйымның (филиалдың) өңірлік өкілдігінің мәйіттердің, жәбірленушілердің, айыпталушылардың және басқа да адамдардың сараптамасы бөлімшесінде (ауылдық, аудандық бөлімшелер)
Жылына, мәйіттің әрбір 60 және тірі адамның әрбір 200 сараптамасына 1 лауазым. Оларда 2 және одан артық сот-медициналық сарапшылары лауазымдары болған кезде сол лауазымдардың біреуінің орнына меңгеруші лауазымы белгіленеді

4

Ұйымның (филиалдың) өңірлік өкілдігінің сот-биологиялық бөлімшесінде
Жылына, әрбір 2400 зерттеу объектісіне 1 лауазым;
әрбір 30 цитологиялық зерттеуіне 1 лауазым

5

Ұйымның өңірлік өкілдігінің медициналық-криминалистік бөлімшесінде
Жылына, әрбір 45 сараптамаға немесе 1200 зерттеу объектісіне 1 лауазым

6

Ұйымның өңірлік өкілдігінің химиялық-токсикологиялық бөлімшесінде
Жылына, әрбір 80 толық талдауға 1 лауазым

7

Ұйымның өңірлік өкілдігінің сот-гистологиялық бөлімшесінде
Жылына, әрбір 400 сараптамаға немесе 2800 блокқа 1 лауазым

8

Ұйымның өңірлік өкілдігінің молекулярлы-генетикалық бөлімшесінде
Жылына, әрбір зерттеу есебінің 1000 шартты бірлігіне 1 лауазым

9

Ұйымның өңірлік өкілдігінің күрделі сараптамалар бөлімшесінде
Жылына, қылмыстық және азаматтық істердің материалдары бойынша әрбір 20 сараптамаға 1 лауазым

10

Ұйымның өңірлік өкілдігінің ұйымдастыру-әдістемелік бөлімшесінде
филиалдың штат кестесінде 20-дан артық сарапшылар лауазымы болған кезде 2 лауазым; филиалдың штат кестесінде 20-дан кем сарапшылар лауазымы болған кезде 1 лауазым

  Сот сараптамасы органдары
сот сарапшыларының
жүктемелері нормативтеріне
3-қосымша

Сот психиатриялық және сот наркологиялық саласында сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын сот сарапшылары жүктемелерінің нормативтері

№ р/с

Лауазымдардың атауы

Лауазымдар саны

Сот-психиатриялық сарапшылар лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:

1.

Амбулаторлық комиссиялық сот-психиатриялық сараптамасы бөлімшесінде (филиалдың)
Жылына 200 сараптамаға 3 лауазым (кәмелет жасқа толмағандардың 150 сараптамасына және 100 қайтыс болғандарға өткізілетін сараптамаларға)

2

Стационарлық сот-психиатриялық сараптамасы бөлімшесінде
10 төсек орынға 1 лауазым (кәмелетке толмағандар сараптамасына 8 төсек орынға)

Сот-наркологиялық сарапшылар лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:

3

Филиалдың сот-наркологиялық сараптамасы бөлімшесінде
Жылына 500 сараптамаға 1 лауазым

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады