Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 333 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 6 сәуірде № 14987 болып тіркелді.

      "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 333 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Сот сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссия туралы Ереже (бұдан әрі – Ереже) "Сот-сараптама қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес әзірленді және Сот сарапшылары, сот-медициналық, сот-наркологиялық және сот-психиатриялық сарапшылары біліктілігін беру жөніндегі комиссияның қызметін (бұдан әрі - Комиссия) айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Комиссияның негізгі міндеттері

      1) сот сарапшысы біліктілігін беру;

      2) мәжілістің ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Комиссия тұрақты әрекет ететін орган болып табылады және мүшелерінің құрамы тақ санынан (5 адамнан кем емес) тұрады.

      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен (немесе орын басатын тұлғамен) бекітіледі.

      4. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сараптама қызметін ұйымдастыру жөніндегі департаментінің директоры (бұдан әрі - Департамент) болып табылады.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде, (іссапарда, уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде, демалыста) оның қызметтерін Комиссияның бекітілген құрамындағы тізім бойынша келісі адам атқарады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Алып тасталды – ҚР Әділет министрінің 15.05.2018 № 752 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссияның құрамына енгізілетін кандидатуралар Департаменттің келісімімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары басшысымен ұсынылады.

      8. Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін Кадрлық қамтамасыз ету басқармасы қызметкерлерінің ішінен Комиссия хатшысы тағайындалады.

2 тарау. Сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссияның өкілеттері

      9. Комиссия төрағасы:

      1) мәжілісті шақырады;

      2) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      3) жұмысты жоспарлайды;

      4) Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді.

      10. Комиссия мүшелері:

      1) сот сарапшысы біліктілігін алуға ұсынылған тұлғаның құжаттарымен танысады;

      2) біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу немесе жібермеу туралы шешімді шығарады;

      3) Комиссия мәжілісінде шешілетін мәселелерді қарастырады және тиісті шешімді шығарады;

      4) Сот сарапшысы біліктілік дайындығынан өткен тұлғаның білім деңгейін анықтау мақсатында біліктілік дайындықтан өту қорытындылары жөніндегі пікірді қарастырады;

      5) біліктілік дайындықты өту нәтижиелерін бағалайды.

      11. Комиссия хатшысы;

      1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;

      2) Комиссия мүшелерін күнтізбелік отыз күн бұрын Комиссия мәжілісін өткізу күні мен өткізіетін орны туралы хабардар етеді;

      3) Заңның 12-бабы 16) тармақшасына сәйкес сот сарапшысы біліктілігін беру жөніндегі комиссия мәжілісіне қажетті құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді, оны жүргізгеннен кейін хаттаманы ресімдейді (бұдан әрі - Хаттама);

      4) Комиссия жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынысты енгізеді;

      5) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      12. Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшесі өзінің ойын жазбаша түрінде баяндайды, оны хаттамаға қоса тігеді.

      13. Комиссия мәжілісі Хаттамамен ресімделеді.

      Комиссия мәжілісінің хаттамасына сот сарапшысы біліктілігін беру нәтижиелері бойынша Комиссия мүшелерімен және хатшымен қол қойылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады