Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 30 наурыздағы № 335 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 15031 болып тіркелді.

      "Сот сараптамасы қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 15) тармақшасына және 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес" БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптамалық қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      30 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      30 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығымен
бекітілген

Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.05.2020 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтихандарды қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Сот сараптамасы қызметі туралы" 2017 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабының 15) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, сот сарапшысы біліктілігін алуға үміткер тұлғалар (бұдан әрі - қызметті алушы) үшін "Сот сарапшысы біліктілігін беру" және "Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі түсініктер қарастырылған:

      1) Бірыңғай байланыс-орталығы - ақпараттық-коммуникациялық, мемлекеттік қызметтер және өзге де қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызмет алушыларға, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдарға ұсыну бойынша ақпараттық-анықтамалық қызметінің функцияларын орындайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын заңды тұлға;

      2) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;

      3) сот сарапшысы - арнайы ғылыми білімі бар және заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін, өзіне сот сараптамасын жүргізу тапсырылған, іске мүдделі емес жеке тұлға;

      4) сот сарапшысы біліктілігін беру - адамның біліктілік емтиханын тапсырып, оған сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығын беретін сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігін (бұдан әрі - біліктілік куәлігі) немесе сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымшаны беру (бұдан әрі - біліктілік куәлігіне қосымша);

      5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz., www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нұсқада көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосудың техникалық шарттарын беру қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметтеріне қолжетімділіктің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) -электрондық цифрлық қолтаңбамен құрылған және электрондық құжаттың түпнұсқалығын, оның тиесілігін және мазмұнның өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі

      3. Сот сарапшысы біліктілігін беру және сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру көрсетілген қызметті алушының біліктілік емтиханды тапсырып, оған біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне қосымшаны беру арқылы жүзеге асырылады.

      4. Емтихан тапсыру кестесін отыз күнтізбелік күннен кем емес мерзімде, "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысымен не болмаса оны ауыстыратын адаммен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) бекітіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыны таныстыру үшін көрсетілетін қызметті көрсетушінің ресми сайтында емтиханды тапсыру кестесінің көшірмесі орналастырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсырғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшадағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер "Cот сарапшысы біліктілігін беру" стандартының (бұдан әрі – 1-Стандарт) және "Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" стандартының (бұдан әрі - 2-Стандарт) 8-тармақтарына сәйкес біліктілік куәлігін не біліктілік куәлігіне қосымшаны алу үшін құжаттарды портал арқылы электрондық құжат нысанында жібереді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1-Стандартта және 2-Стандартта жазылған.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы портал арқылы түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде 1-стандарттың және 2-стандарттың 8-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Дәлелді бас тарту үшін негіздер "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес 1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында келтірілген.

      Тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімінің өтуі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес басшының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      1-Стандарттың және 2-Стандарттың 9-тармақтарында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күнінен бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханын тапсыруға жіберіледі немесе оған мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 1-стандартында және 2-стандартында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынған, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы біліктілік емтиханын өткізу үшін көрсетілетін қызметті алушылардың материалдарын дайындайды - орындау мерзімі 3 (үш) жұмыс күні.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. 4 (төртінші) жұмыс күні қызмет алушының таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде 2 кезең бойынша емтихан өткізіледі:

      1) компьютерлік тестілеу 100 сұрақ: қылмыстық-процестік құқық бойынша (20 сұрақ); азаматтық процестік құқық бойынша (20 сұрақ); криминалистика бойынша (20 сұрақ); әкімшілік құқық бойынша (20 сұрақ); сот, сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық мамандықтар үшін Заң бойынша (20 сұрақ);

      Компьютерлік тестілеу сұрақтары көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.

      Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары компьютерлік тестілеу сұрақтарын әзірлеушілер болып табылады.

      2) сот сараптамасының белгілі бір түрі бойынша емтихан билеттері бойынша білімді тексеру көрсетілетін қызметті алушылар үшін үш сұрақты қамтиды.

      Емтихан билеттері көрсетілетін қызметті алушының біліктілік даярлау бағдарламасының тақырыптары негізінде қалыптастырылады.

      Барлық емтихан билеттерінде бірдей емтихан талаптары болуы керек-емтихан материалдарының бірдей көлемі, сұрақтардың, мысалдар мен тапсырмалардың бірдей күрделілік дәрежесі. Емтихан билеті біліктілік даярлау бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінен (модульдерінен) үш сұрақтан (теориялық) қалыптастырылады.

      Ғылыми дәрежесі немесе сараптама мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар көрсетілетін қызметті берушінің бас сарапшылары емтихан билеттерін әзірлеушілер болып табылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Көрсетілетін қызметті алушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатты не "цифрлық құжат" сервисінен электрондық құжатты көрсеткен кезде жіберіледі.

      Тестілеу уақыты 90 минутты құрайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы емтиханды тапсыру кезінде қосымша құжаттарды (анықтамалық, арнайы әдебиеттерді), байланыс құралдарын, қандай да бір электрондық тасмалдағыштағы жазбаларды қолдануға рұқсат берілмейді.

      Тестілеу аудиториясы аудио және бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Көрсетілетін қызметті алушылар үшін компьютерлік тестілеуді өтудің межелік деңгейі жалпы сұрақтың 70 % кем емес дұрыс жауапты құрайды.

      Тестілеу нәтижелерін есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламамен жүргізіледі. Нәтижиелер екі данада басылып шығарылады, оның бір данасы қызмет алушыға, екінші қол қойылған данасы көрсетілген қызметті алушының біліктілік ісінде сақталады.

      Егер дұрыс жауап жалпы сұрақтың 70 % кем болған жағдайда, қызмет алушы келесі кезеңге жіберілмейді.

      9. Емтихан билеттер бойынша білімді тексеру барысында екі және одан да көп сұраққа жауап берген жағдайда қызмет алушы емтиханды өтті деп саналады.

      Көрсетілетін қызметті алушының Сот сарапшысы біліктілігін беру үшін емтиханды тапсыру нәтижиесі бойынша сот сарапшысы біліктілігін беру беру бойынша Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) келесі шешімді қабылдайды:

      1) біліктілік берілді;

      2) біліктілік берілмеді.

      10. Сот сарапшысының біліктілігі Комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижиелері бойынша беріледі.

      11. Осы Қағидаларға 4-қосымшасына сәйкес нәтижиелер емтихан тапсырған күні хабарланады және нысан бойынша сот сарапшысы біліктілігін беру бойынша комиссия отырысының хаттамасында көрсетіледі.

      12. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы электронды үлгіде куәлік немесе куәлікке қосымша жобасын ресімдейді және оны көрсетілетін қызметті беруші басшысымен келіседі - орындау мерзімі 2 (екі) жұмыс күні.

      Біліктілік комиссиясының төрағасы куәлікті немесе куәлікке қосымшаны қарастырады және оған қол қояды - орындау мерзімі 1 (бір) жұмыс күні.

      осы Қағидаларға 5-қосымшасына сәйкес біліктілік куәлігі немесе осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес біліктілік куәлігіне қосымша көрсетілетін қызметті берушінің комиссия төрағасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" - портал арқылы жіберіледі.

      13. Комиссия теріс шешім қабылдаған жағдайда, сот сарапшылардың біліктілік дайындығын өткеннен кейін үш айдан бұрын және алты айдан кем емес мерзімде емтиханды қайталама тапсыруға жіберіледі.

      14. Емтиханды өткізу кезінде туындаған даулар сотта қарастырылады.

      15. 2015 жылғы маусымға дейін берілген "Сот сарапшысы біліктілігін беру" және 2018 жылғы ақпанға дейін берілген"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалардың белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша біліктілік куәлігін немесе біліктілік куәлігіне қосымшасын жоғалтқан немесе зақымданған (бүлдірген) жағдайда адамның өтініші бойынша (жоғалтуға/бүлінуге себеп болған жағдайлары көрсетілуі қажет) Орталықпен біліктілік куәлігінің немесе біліктілік куәлігінің көшірмесі (бұдан әрі - көшірмесі) беріледі.

      Көшірме порталдағы тиісті ақпараттық жүйесінен біліктілік куәлігі немесе біліктілік куәлігіне қосымша туралы мәліметтерді алу мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде қағаз нысанында беріледі.

      Көшірмеге біліктілік комиссиясының төрағасы қол қояды.

      16.Ақпараттық жүйеде жаңылу болған жағдайда, электрондық байланыс болмағанда немесе хабарламаны жіберуге кедергі болатын өзгеде жағдайлар туындағанда, көрсетілетін қызметті көрсетушінің уәкілетті бөлімшесі "электрондық үкімет" ақпаратттық -коммуникациялық инфрақұрылымның операторын (бұдан әрі - оператор) хабардар етеді, оператор техникалық жаңылулардың туындауын анықтаған сәттен бастап көрсетілген себептерді анықтау және жою үшін (жұмыс күндері сағат 9:00-ден сағат 18:30-ға дейін) шараларды қабылдайды.

      17. Көрсетілетін қызметті беруші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласында уәкілетті органмен белгіленген тәртіпте мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезеңі туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      18. Мемлекеттік ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде рұқсаттар мен хабарламалар, оның кезеңі туралы деректер автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторнигінің ақпараттық жүйесіне түседі.

3-тарау. Комиссия шешімін қайта қарау (аппелляция) тәртібі

      19. Көрсетілетін қызметті алушы біліктілік емтиханы нәтижиелерімен қанағаттанбаған жағдайда, апелляциялық комиссияға қайта қарау өтінішін беруге құқығы бар.

      20. Көрсетілетін қызметті алушы ерікті түрде апелляциялық комиссиясының атына өтінішті жазады. Қайта қарау үшін берілген өтініш біліктілік емтиханын өткенен кейін екі жұмыс күні ішінде қабылданады және апелляциялық комиссиямен белгіленген кестеге сәйкес апелляциялық комиссияның отырысында қарастырылады.

      Апелляциялық комиссияның отырысы келіп түсетін өтініштерге байланысты қажеттілігі болған жағдайда жүргізіледі.

      21. Қайта қарауға өтініш қызмет алушыдан шағымдану кезінде қабылданады:

      1) нақты сұрақтардың дұрыстығы (компьютерлік тестілеу және билеттері бойынша);

      2) техникалық ақауларға сілтеме жасап тестілеу нәтижиелері бойынша;

      3) тестілеу ережелерін бұзу туралы акт;

      22. Апелляциялық комиссия отырысында қайта қарауға өтініш берген көрсетілетін қызметті алушының компьютерлік тесттер мен емтихан билеттеріне қайтарған дұрыс емес жауаптары мен оның нұсқалары және (немесе) қызмет алушының тестілеу кезіндегі бейне - және аудио жазба үрдісі қарастырылады.

      23. Апелляциялық комиссия шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санынан комиссияның басым мүшелерінің берген дауыстарымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыс беру шешімі бірдей болған жағдайда, шешуші дауыс комиссия төрағасының дауысы болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімі екі данада жасалған хаттамамен ресімделеді және оған осы отырыста қатысқан барлық апелляциялық комиссияның мүшелеріменқол қойылады. Апелляциялық комиссия отырысы хаттамасының екінші нұсқасы қызмет алушыға беріледі және бір жыл көлемінде сақталады.

      Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның жалпы санынан 2/3 (екі де үш) мүшелерінің болғаны кезінде дұрыс болып саналады.

      Апелляциялық комиссия комиссия төрағасын қоса алғанда бес комиссия мүшесінен тұрады.

      24. Апелляциялық комиссия қайта қарауға түскен өтінішті қарастыру нәтижиелері бойынша өтініш түскен күнен бастап екі күн ішінде келесі екі шешімнің біреуін қабылдайды:

      1) қайта қарауды қанағаттандырусыз қалдыру;

      2) қызмет алушының өтінішін қанағаттандырып, оны қайталама біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу.

4-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне(әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына көрсетілген қызметті алушыдан түскен шағым оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

      28. Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
1-қосымша

"Сот сарапшысы біліктілігін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-1)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижиелері

1) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми нтернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысаныдағы өтініш;
Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегі қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
2-қосымша

"Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты (бұдан әрі – Стандарт-2)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 06.12.2021 № 1034 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК

2

Мемлекетік көрсетілетін қызметтерді ұсыну тәсілі

www.egov.kz, www. elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мерзімі

7 (жеті) жұмыс күні

4

Көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелері

1) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
2) сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша не негіздемелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушыдан алынатын төлем көлемі және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайдағы оны алу тәсілі

мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұма аралығында жұмыс уақыты сағат 9:00-ден 18:30 дейін, сағат 13:00 ден 14:30-ға дейін түскі үзіліспен.
2) порталдың - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Кодекске сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады) тәулік бойы.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызмет берушінің www.adilet.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

Стандарттарға 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысаныдағы өтініш; Стандарттарға 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мәліметтер.

9

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген негіздемелер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді және (немесе) олардың ішіндегі деректерді (мәліметтерді) алу үшін қызмет алушы ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталғанда;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қызмет алушы және (немесе) ұсынған материалдар мен деректердің (мәліметтердің) Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі;
3) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болса

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде электрондық нысан түріндегіқызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзгеде талаптар

1. Қызмет алушы ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар
3. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде нашар көретіндерге арналған нұсқа қолжетімді
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі: 1414, 8 800 080 7777.

  Стандарт 1 және Стандарт 2-ге
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінің
Сот сарапшысы
біліктілігін беру үшін
емтихандарды қабылдау
комиссиясы төрағасының
орынбасарына

Өтініш

      Сізден, мені келесі __________________________________________________________

      мамандықтар бойынша емтихан тапсыруға жіберуіңізді сұраймын:

      Қоса берілген құжаттардың тізімі:

      1. ___________________________

      2. ___________________________

      3. ___________________________

      Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалған құпиялардағы мәліметтерді қолдануға

      келісемін: _________________________________________________________________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қызмет алушының қолы

      Өтініш берген күні

  Стандарт 1 және Стандарт 2-ге
2-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Өтінім бойынша деректер

      1. Өтініш нөмірі

      2. Қалыптастыру күні

      Негізгі мәліметтер

      3. Жеке сәйкестендіру номері

      4. Тегі

      5. Аты

      6. Әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлімет

      7. Жеке басын куәландыратын құжаттың түрі

      8. Нөмірі

      9. Сериясы

      10. Берілген күні

      11. Аяқталу күні

      12. Берген орган

      Мекенжайы

      13. Пошталық индекс

      14. Мемлекет, облыс, аудан, елді мекен

      15. Көшенің аты

      16. Үйдің, ғимараттың нөмірі

      17. Пәтердің, кеңсенің нөмірі

      18. Телефон нөмірі

      Жоғары білімі туралы мәліметтер

      19. Жоғары білім беру ұйымының толық атауы

      20. Дипломның сериясы мен нөмірі

      21. Оқуға түскен жылы

      22. Оқуды аяқтаған жылы

      23. Диплом бойынша мамандығы

      24. Диплом бойынша біліктілігі

      25. Дипломдарды нострификаттау (қажеттілігі болған жағдайда)

      Біліктілік даярлықты өту туралы деректер

      26. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықты өту орны

      27. Мамандығы

      28. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықты өтудің басталу күні

      29.Сот сарапшыларының біліктілік даярлықты өтуді аяқтау күні

      30. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықты өту кезіндегі зерделеген материалдары

      31. Сот сарапшыларының біліктілік даярлық басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) лауазымы

      32. Сот сарапшыларының біліктілік даярлықты өтуі туралы есебі

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
3-қосымша



 

Себептемелі бас тарту



Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сіздің жылғы (өтініш күні) № (өтініш нөмірі) өтінішіңізді қарап келесіні хабарлайды.
Бас тарту себебі.

 

Қол қоюшының лауазымы

Қол қоюшының аты-жөні, тегі (болған жағдайда)

 


 

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сарапшысының біліктілігін беру жөніндегі комиссиясы отырысының № хаттамасы

      20__ жылғы "__"__________

      ____________________ қаласы

      Төраға__________________________________________________________________________

      Комиссия мүшелері_______________________________________________________________

      Хатшы__________________________________________________________________________

      Қазахстан Республикасы Әділет министрлігінің 20_ жылғы "____"_______ № ______

      бұйрығының негізінде жұмыс істейтін біліктілік комиссиясының қарауына

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы)

      ұсынылған материалдары__________________________________________________________

      (өтініш, дипломдардың көшірмелері, сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өткендігі

      туралы есеп, сот сарапшыларының біліктілік даярлығынан өткендігі туралы пікір, біліктілігін

      арттыруы немесе қайта даярлыктан өткендігі туралы құжаттардың көшірмелері) 1 кезеңнің

      нәтижелері (алғашқы мамандықты игеру үшін компьютерлік тестілеуді жүргізу): _ балл,

      екінші кезеңге: "жіберіледі"/ "жіберілмейді" (қажеттісін сызу) 2 кезеңнің нәтижелері (емтихан

      билеттері бойынша білімдерін тексеру).

      Комиссия шешім қабылдады:

      1) ____________________________ біліктілік берілді

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      2) ____________________________ біліктілік берілген жоқ

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы_______________________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия мүшелері _______________________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      ________________________________________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

      Комиссия хатшысы _______________________________________________________________

      қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігі №_____

      Осы куәлік________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1.______________________________________________________________________________

      2.______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Сот сарапшысы біліктілігін беру
үшін емтихандарды қабылдау
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігіне қосымша №_____

      Осы куәлік________________________________________________________________ берілді

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      өйткені, оған біліктілік комиссиясының 20__ жылғы "__" ________ шешімімен:

      1.______________________________________________________________________________

      2.______________________________________________________________________________

      мамандығы бойынша сот сараптамасын жүргізу құқығымен сот сарапшысы біліктілігі берілді.

      ________________________________________________________________________________

      (комиссия төрағасының қолы немесе ЭЦҚ)

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№ 335 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізімі

      1. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10491 тіркелген, 2015 жылғы 27 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 2 қазандағы № 523 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12284 тіркелген, 2015 жылғы 13 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына сот сарапшысы бiлiктiлiгiн беру үшiн бiлiктiлiк емтихандарын қабылдау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 120 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 376 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13858 тіркелген, 2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады