"Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15140 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 370 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 13.09.2021 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсатттар беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009 жылғы 23 шілдедегі № 143-Ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5741 болып тіркелген, 2009 жылы 14 тамызда "Заң газеті" газетінде № 123 (1546) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат беру үшін І санат объектілерін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері арасында бөлуде:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын мынадай өндірістік объектінің негізгі өндірісі бойынша (осы өндірістің қосалқы өндірісті қоспағандағы негізгі технологиялық процесі) қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы (жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын қоспағанда):

      химия өндірісі;

      металлургия, машина жасау және метал өңдеу объектілері;

      Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалы қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) барлау мен өндіру, пайдалы қазбаларды (кең таралғандардан басқа) өндіру объектілері;

      құрылыс өнеркәсібі (цемент, сондай-ақ жергілікті өндірісі, асбест және одан жасалатын бұйымдар өндірісі);

      микробиологиялық өнеркәсіп;

      минералды отын жағу кезіндегі электр және жылу энергиясы өндірісі (эквивалентті электр қуаттылығы 600 МВт және одан жоғары, отын ретінде көпір мен мазут пайдаланатын жылу электр станциялары);";

      10) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 1-сыныбына жататын қосалқы өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жаңа ғимараттар мен құрылыстарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға немесе бұрыннан барларын реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) және күрделі жөндеуге арналған жобаларды (техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы), Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының бекітуіне жататын аумақтардың қала құрылысын жоспарлау жобаларын, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және халқының есептік саны бір жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларының жобаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 37-бабында айқындалған кезеңдерге сәйкес қоршаған ортаға әсерін бағалаудың ілеспе материалдарымен бірге өндiрiстiк объектiлердiң санитарлық сыныптауына сәйкес қауiптiлiктiң 2-сыныбына жататын негізгі өндіріс бойынша қоршаған ортаға әсер ететін, межеленіп отырған қызметтің жобаалды және жобалау құжаттамасы;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мұнай кен орындарында қысқа мерзімді жұмыстар (теңіз объектілерін қоспағанда) (ұңғымаларды күрделі жөндеуді, ұңғымаларды гидродинамикалық зерттеулерді, сейсмикалық барлау жұмыстарын, мұнай кеніштерінде бұзылған жерлерді рекультивациялауды, мұнай саласының қалдықтарын әртүрлі әдістермен қондырғыларда қайта өңдеуді), ұңғымалар салу жобалары;

      7) Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыстардың қолдау операцияларын - қолдау базалары, айлақтар, полигондар, тазарту құрылыстарын жүзеге асыру бойынша жобалары;";

      15) тармақша алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) берілген бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі берілген тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады