Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 маусымдағы № 361 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 шілдеде № 15364 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 19 маусымдағы
№ 361 бұйрығымен бекітілген

Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі

      1. Әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленген және әуе қозғалысына қызмет көрсетуге қажеттілікті бағалау үшін қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.10.2022 № 586 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Әдістемеде мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер – әуе қозғалысын және (немесе) басқа да аэронавигациялық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін заңды тұлға;

      2) әуе қозғалысына қызмет көрсету (бұдан әрі - ӘҚК)– әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету, авариялық хабар беру, диспетчерлік қызмет көрсету (аумақтық диспетчерлік қызмет көрсету, қонуға жақындағанда диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету);

      3) әуе қозғалысының қарқындылығы – ӘҚҚ (ӘҚК секторы, трасса, учаскесі, әуеайлақ ауданы) арқылы бір уақыт бірлігінде өтетін әуе кемелерінің саны;

      4) тұрақты рейс – авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;

      5) халықаралық ұшу – әуе кемесiнің шет мемлекет шекарасын кесiп өтетін ұшуы;

      3. ӘҚК қажеттілігі мыналарды есепке ала отырып айқындалады:

      1) тиісті әуе қозғалысының түрлері;

      2) әуе қозғалысының қарқындылығы;

      3) метеорологиялық жағдай;

      4) осы ауданға немесе осы орынға қатысы болуы мүмкін басқа да факторлар.

      4. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілер әрбір нақты аудан немесе орын үшін қолдануға жататын ӘҚК түрін белгілейді, ол Әдістеме негізінде жүргізілген бағалау нәтижесінен төмен бола алмайды.

      5. ӘҚҚК-ге қажеттілікті бағалау осы Әдістеменің 3-тармағының ережелерін есепке ала отырып, ӘҚҚК түрлерінің күрделілігін сыныптау негізінде және олардың қажеттілігін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес айқындалады.

      6. Нақты ауданға немесе орынға сәйкес келетін бірнеше өлшемдері қолданған жағдайда ӘҚК қажеттілікті бағалау айтарлықтай күрделі ӘҚК түрі қолданылатын өлшемдер бойынша анықталады.

      7. Осы Әдістемеде көрсетілмеген өлшемдерді қолдану қажеттілігі жағдайында аэронавигациялық қызмет көрсетуші аэронавигациялық тексерулер негізінде қолданылатын ӘҚК түрлерін белгілейді.

  Әуе қозғалысына қызмет
көрсетуге қажеттілікті
бағалау әдістемесіне
қосымша

ӘҚК түрлерінің күрделілігі мен олардың қажеттілігін айқындау сыныптамасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 21.10.2022 № 586 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-кесте. ӘҚК түрлерінің күрделілік сыныптамасы

ӘҚК түрі

Күрделілік деңгейі

Маршрут бойынша ұшу кезеңі

Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету (жақындау диспетчерлік қызмет көрсету)

Айтарлықтай күрделі

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Күрделі емес

Әуеайлақ ауданында ұшу кезеңі

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

Айтарлықтай күрделі

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

Күрделі емес

      2-кесте. Ұшу түрі мен метеорологиялық жағдайға қарай маршрут бойынша ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрінің қажеттілігі

ӘҚК түрі

Өлшемдер

Халықаралық ұшу

Тұрақты рейс

Аспаптар бойынша ұшу қағидалары бойынша ұшу (АҰҚ)

ҰКҚ ұшу қағидалары бойынша ұшу (ВҰҚ)

Әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсету:


1. Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету

+

+

+

-

2. Жақындау диспетчерлік қызмет көрсету

+

+

+

-

Ұшу-ақпараттық қызмет көрсету

+

+

+

+

Авариялық хабарлау

+

+

+

+

      Маршруттағы ұшу кезеңі үшін ӘҚК түрі қажетігінің ұшу түрі және әуе қозғалысының метеорологиялық жағдайға байланысты "+" белгісімен көрсетіледі.

      * Аудандық диспетчерлік қызмет көрсету "ауа-жер" тұрақты радиобайланыс болған кезде және аэронавигациялық ұйым жүргізген тәуекелді бағалауға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      3-кесте. Әуеайлақ мәртебесіне, сондай-ақ ұшу қарқындылығына (санына) қарай ӘҚК түріне қажеттілік

ӘҚК түрі

Өлшемдер


Әуеайлақтағы ұшу қарқындылығы (ұшу-қону операцияларының бір жылдағы саны *)

Басқа факторлар (әуеайлақты сертификаттау)

Әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету

+ (сертификатталған 24 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 10 000 асатын немесе АҰҚ бойынша 1500 немесе одан асатын немесе АҰҚ бойынша тұрақты ұшу немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)

+ (ИКАО I-III санаты бойынша сертификатталатын барлық)

Әуеайлақтық ұшу-ақпараттық диспетчерлік қызмет көрсету

+ (сертификатталған 19 немесе одан асатын жолаушылар орны бар әуе кемелерінде ВҰҚ бойынша 5000 асатын немесе АҰҚ бойынша 500 немесе одан асатын немесе ВҰҚ бойынша тұрақты ұшу жағдайында)

+ (барлық қалған сертификатталған әуеайлақтар)

      * бір жылда ұшып-қону операцияларының саны ӘҚК қажеттілігін бағалау алдындағы күнтізбелік үш жылдың нәтижелері бойынша орташа ретінде айқындалады. Қайта ашылатын әуежайлар үшін бағалау әуеайлақты әлеуетті пайдаланушылармен кеңесу негізінде анықталған әуеайлақты пайдаланушыларды болжамды деректері бойынша жүзеге асырылады;

      Әуе айлақтың сертификатталуына, сондай-ақ әуе қозғалысының қарқындылығына (санына) байланысты ӘҚК түрінің қажетігі "+" белгісімен көрсетіледі;

      ӘҚҚ бақылау жүйесіне қажеттілікті аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші айқындайды. Мұндай қажеттілік әуе қозғалысының тығыздығы (қарқындылығы) рәсімдік эшелондауды қолдану ӘҚҚ органдары тарапынан әуе кемелерінің кідіруіне әкеп соқтыратындай болғанда туындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады