"Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 6-НҚнормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15446 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Тиімділік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Мемлекеттік аудит объектісі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12257 тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тиімділік аудитін жүргізудің қажеттілігін ескеретін Перспективалық жоспарға сәйкес, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі қалыптасады.";

      35-тармақтың 5) тармақшасына орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      75-тармаққа орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

      88-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Аудиторлық іс-шараларды жүргізуге сарапшыларды тарту Қағидаларға және тиісті Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.";

      97, 98, 99, 100-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Аудиторлық есепке анықталған бұзушылықтар және (немесе) кемшіліктер, мемлекеттік аудит саласындағы немесе мемлекеттік аудит объектісінің қызметіндегі оң жетістіктер енгізіледі.

      98. Тиімділік аудитінің қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыда, Нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру сыртқы мемлекеттік аудит органдарының тиімділік аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарын және нұсқамаларын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауын қадағалау және бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдер болып есептеледі.

      99. Мемлекеттік аудит объектісіне нұсқаманы, Аудиторлық қорытындыны және Жиынтық тізілімді немесе аудиторлық қорытындыдан және Жиынтық тізілімнен үзінді көшірмені бергеннен кейін ұсынымдар мен нұсқаманың орындалуын бақылау мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жүктеледі.

      100. Тиімділік аудитінің қорытындылары:

      1) Есеп комитеті немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің Қағидалардың 249-тармағында көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;

      2) Тиімділік аудитінің бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауы жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу;

      3) мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды тиісінше орындауын растау мақсатында аудиторлық дәлелдемелерді жинау жөніндегі аудиторлық іс-шараны жүргізу арқылы іске асырылады.";

      102, 103, 104-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "102. Тиімділік аудитінің қорытындыларын іске асыру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді жүргізуге тиімділік аудитін жүргізуге тікелей қатысқан мемлекеттік аудиторлар және (немесе) сыртқы мемлекеттік аудит органдарының басқа да мемлекеттік аудиторлары тартылады.

      103. Сыртқы мемлекеттік аудит органының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың қаралуына, Нұсқамаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асыру Қағидаларға сәйкес тұрақты және жүйелі түрдегі негізде жүргізіледі.

      104. Аудит бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу тәсілін қолдану кезінде мемлекеттік аудит объектісіне жолданған барлық немесе жекелеген ұсынымдар қадағаланады.";

      105, 106, 107-тармақтар алып тасталсын;

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Сәйкестік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Мемлекеттік аудит объектісі Есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12257 тіркелген) (бұдан әрі – Қағидалар) белгіленген мерзімде мемлекеттік аудит жүргізілетіні туралы хабардар етіледі.";

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Аудиторлық іс-шараларды жүргізуге сарапшыларды тарту Қағидаларға және тиісті Стандартқа сәйкес жүзеге асырылады.";

      73, 74-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша Аудиторлық қорытындыда, Нұсқамаларда қамтылған ұсынымдардың орындалуын мониторингтеуді жүзеге асыру сыртқы мемлекеттік аудит органдарының сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдалған ұсынымдарын және нұсқамаларын мемлекеттік аудит объектілерінің орындауын қадағалау және бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдер болып есептеледі.

      74. Мемлекеттік аудит объектісіне нұсқаманы, Аудиторлық қорытындыны және Жиынтық тізілімді немесе аудиторлық қорытындыдан және Жиынтық тізілімнен үзінді көшірмені бергеннен кейін ұсынымдар мен нұсқаманың орындалуын бақылау мемлекеттік аудит объектісінің басшысына жүктеледі.";

      75-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Есеп комитеті немесе Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің Есеп комитетінің сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының 249-тармағында және Қағидалардың 227-тармағында көзделген іс-шараларды тұрақты және жүйелі негізде жүзеге асыруы;";

      76, 77, 78, 79-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Сыртқы мемлекеттік аудит органдары белгілі бір уақыт аралығында жүргізілген сәйкестік аудитінің қорытындылары бойынша қалыптастырылған ұсынымдарды мемлекеттік аудит объектілерінің орындауы жөніндегі аудиторлық іс-шараны мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі негізінде жүргізеді.

      77. Сәйкестік аудитінің қорытындыларын іске асыру жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді жүргізуге сәйкестік аудитін жүргізуге тікелей қатысқан мемлекеттік аудиторлар және (немесе) сыртқы мемлекеттік аудит органдарының басқа да мемлекеттік аудиторлары тартылады.

      78. Сыртқы мемлекеттік аудит органының Аудиторлық қорытындысында қамтылған ұсынымдардың қаралуына, Нұсқамаларының орындалуына мониторингті және талдауды жүзеге асыру Қағидаларға сәйкес тұрақты және жүйелі түрдегі негізде жүргізіледі.

      79. Аудит бағдарламасына мемлекеттік аудит объектісінің ұсынымдарды орындауын бағалау жөніндегі аудиторлық және талдамалық рәсімдерді енгізу тәсілін қолдану кезінде мемлекеттік аудит объектісіне жолданған барлық немесе жекелеген ұсынымдар қадағаланады.";

      80, 81, 82-тармақтар алып тасталсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрағасы
Н. Әбдібеков

О внесении изменений в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ "Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля"

Нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 1 июля 2017 года № 6-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 7 августа 2017 года № 15446

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле" Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 31 марта 2016 года № 5-НҚ "Об утверждении процедурных стандартов внешнего государственного аудита и финансового контроля" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13647, опубликованное 11 мая 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Процедурном стандарте внешнего государственного аудита и финансового контроля по проведению аудита эффективности, утвержденном указанным нормативным постановлением:

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Объект государственного аудита информируется о проведении государственного аудита в срок, установленный Правилами проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля, утвержденными нормативным постановлением Счетного комитета от 30 ноября 2015 года № 17-НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12557) (далее - Правила).";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. В соответствии с Перспективным планом, учитывающим необходимость проведения аудита эффективности, формируется перечень объектов государственного аудита.";

      подпункт 5) пункта 35 изложить в следующей редакции:

      "5) оценивает аудиторские риски и способы управления данными рисками.";

      пункт 75 изложить в следующей редакции:

      "75. Счетным комитетом в Плане аудита, Программе аудита, Аудиторских заданиях и Поручении цель аудиторского мероприятия определяется исходя из тематики (наименования аудиторского мероприятия) и направлений аудита эффективности, предусмотренных пунктом 1 статьи 12 Закона.";

      пункт 88 изложить в следующей редакции:

      "88. Привлечение экспертов к проведению аудиторских мероприятий осуществляются в соответствии с Правилами и соответствующим Стандартом.";

      пункты 97, 98, 99, 100 изложить в следующей редакции:

      "97. В Аудиторский отчет включаются выявленные нарушения и (или) недостатки, позитивные достижения в области государственного аудита или деятельности объекта государственного аудита.

      98. Осуществление мониторинга исполнения рекомендаций, содержащихся в Аудиторском заключении, Предписаний по итогам аудита эффективности представляет собой аудиторские и аналитические процедуры по отслеживанию и оценке выполнения объектами государственного аудита рекомендаций и предписаний органов внешнего государственного аудита, сформированных по итогам аудита эффективности.

      99. После представления объекту государственного аудита предписания, Аудиторского заключения и Сводного реестра или выписки из аудиторского заключения и Сводного реестра контроль выполнения рекомендаций и предписания возлагается на руководителя объекта государственного аудита.

      100. Итоги аудита эффективности реализуются посредством:

      1) осуществления ответственным за аудиторское мероприятие членом Счетного комитета или Ревизионной комиссии, на постоянной и системной основе мероприятий, предусмотренных пунктом 249 Правил;

      2) включения в Программу аудита эффективности аудиторских и аналитических процедур по выполнению объектом государственного аудита рекомендаций;

      3) проведения аудиторского мероприятия по сбору аудиторских доказательств с целью подтверждения надлежащего выполнения объектом государственного аудита рекомендаций.";

      пункты 102, 103, 104 изложить в следующей редакции:

      "102. К проведению аудиторских и аналитических процедур по реализации итогов аудита эффективности привлекаются государственные аудиторы, которые принимали непосредственное участие в проведении аудита эффективности и (или) другие государственные аудиторы органов внешнего государственного аудита.

      103. Осуществление мониторинга и анализа рассмотрения рекомендаций, содержащихся в Аудиторском заключении, исполнения Предписаний органа внешнего государственного аудита проводится на постоянной и систематической основе в соответствии с Правилами.

      104. При применении способа включения в Программу аудита аудиторских и аналитических процедур по оценке выполнения объектом государственного аудита рекомендаций, отслеживаются все или отдельные рекомендации, адресованные объекту государственного аудита.";

      пункты 105, 106, 107 исключить;

      в Процедурном стандарте внешнего государственного аудита и финансового контроля по проведению аудита соответствия, утвержденном указанным нормативным постановлением:

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Объект государственного аудита информируется о проведении государственного аудита в срок, установленный Правилами проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля, утвержденными нормативным постановлением Счетного комитета от 30 ноября 2015 года № 17-НҚ (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12557) (далее - Правила).";

      пункт 63 изложить в следующей редакции:

      "63. Привлечение экспертов к проведению аудиторских мероприятий осуществляются в соответствии с Правилами и соответствующим Стандартом.";

      пункты 73, 74 изложить в следующей редакции:

      "73. Осуществление мониторинга исполнения рекомендаций, содержащихся в Аудиторском заключении, Предписаний по итогам аудита соответствия представляет собой аудиторские и аналитические процедуры по отслеживанию и оценке выполнения объектами государственного аудита рекомендаций и предписаний органов внешнего государственного аудита, сформированных по итогам аудита соответствия.

      74. После представления объекту государственного аудита предписания, Аудиторского заключения и Сводного реестра или выписки из аудиторского заключения и Сводного реестра контроль выполнения рекомендаций и предписания возлагается на руководителя объекта государственного аудита.";

      подпункт 1) пункта 75 изложить в следующей редакции:

      "1) осуществления ответственным за аудиторское мероприятие членом Счетного комитета или ревизионной комиссии, на постоянной и системной основе мероприятий, предусмотренных пунктом 249 Правил проведения внешнего государственного аудита и финансового контроля Счетным комитетом и пунктом 227 Правил;";

      пункты 76, 77, 78, 79 изложить в следующей редакции:

      "76. Органы внешнего государственного аудита проводят аудиторское мероприятие по выполнению объектами государственного аудита рекомендаций, сформированных по итогам аудита соответствия, проведенных за определенный промежуток времени на основании перечня объектов государственного аудита.

      77. К проведению аудиторских и аналитических процедур по реализации итогов аудита соответствия привлекаются государственные аудиторы, которые принимали непосредственное участие в проведении аудита соответствия и (или) другие государственные аудиторы органов внешнего государственного аудита.

      78. Осуществление мониторинга и анализа рассмотрения рекомендаций, содержащихся в Аудиторском заключении, исполнения Предписаний органа внешнего государственного аудита проводится на постоянной и систематической основе в соответствии с Правилами.

      79. При применении способа включения в Программу аудита аудиторских и аналитических процедур по оценке выполнения объектом государственного аудита рекомендаций, отслеживаются все или отдельные рекомендации, адресованные объекту государственного аудита.";

      пункты 80, 81, 82 исключить.

      2. Юридическому отделу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего нормативного постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Счетного комитета.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Счетного комитета.

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      
      Председатель Счетного комитета
по контролю за исполнением
республиканского бюджета
Н. Абдибеков