Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 28 шілдедегі № 394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15734 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 5 наурыздағы № 134 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 05.03.2019 № 134 (10.04.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі

      Ж. Асанов

      2017 жылғы "__" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      Ж. Қасымбек

      2017 жылғы "____" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің

      бастығы генерал-лейтенант

      А. Күреңбеков

      2017 жылғы "__" __________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      К. Мәсімов

      2017 жылғы "____" ___________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2017 жылғы "____" __________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 28 шілдедегі
№ 394 бұйрығымен бекітілген

Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарттарды әзірлеу, келісу, есепке алу, бекіту, сараптама жасау, өзгерту, күшін жою және қолданысқа енгізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әзірлеуші – әскери стандарттарды әзірлеу, оларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу және олардың күшін жою жөніндегі жұмыстарды орындайтын және (немесе) қызметтерді көрсететін заңды тұлға;

      2) әскери мақсаттағы жұмыстар – заттық нәтижесі бар, қорғаныс объектілерін және әскери мүлікті салуға, күрделі жөндеуге және жаңғыртуға, жаңа қару-жарақ пен әскери техниканы, арнайы құралдарды, ақпараттық, телекоммуникациялық және гоеақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауға байланысты қызмет, сондай-ақ әскери мүлікке немесе мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және басқа да жұмыстар;

      3) әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер – заттық нәтижесі жоқ, пайдаланылмайтын әскери мүлікті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының пайдаланылмайтын мүлкін сынауға, пайдалануға, қызмет көрсетуге, ағымдағы жөндеуге, кәдеге жарату, құртып жіберу, көму арқылы жоюға байланысты қызмет, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми және өзге де қызмет;

      4) әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) – қару-жарақ, әскери және арнайы техника, оқ-дәрілер, құжаттама, зияткерлік меншік құқығы объектілері, әскери мақсаттағы тауарларды (өнімді) шығаруға және сынауға арналған жабдық, сондай-ақ оларға жинақтауыштар;

      5) әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге арналған әскери стандарт (бұдан әрі – әскери стандарт) – айқындалған және арнайы пайдалану мақсатында қолжетімділігі шектеулі ақпараттан тұратын әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы қағидаттарды және сипаттамаларды белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;

      6) әскери (қорғаныстық) өнім – Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мұқтажы үшін жасалатын және (немесе) жеткізілетін өнім (жұмыстар, көрсетілген қызметтер);

      7) әскери стандарттау – әскери стандарттау объектілеріне қатысты реттелуге қол жеткізуге бағытталған нормативтік құжаттарды әзірлеу, бекіту (қабылдау), қайта қарау, өзгерту, жою, басып шығару және қолдану жөніндегі қызмет;

      8) әскери стандарттау жүйесі – осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарды әзірлеу, бекіту (қабылдау), өзекті ету, күшін жою және қолдану кезінде әскери стандарттау объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруға, әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған әскери стандарттау саласындағы қатысушылардың қызметі;

      9) әскери стандарттау объектісі – әскери (қорғаныстық) өнім, процестер, менеджмент жүйесі, терминология, көрсетілген өнімді өлшеу және сынау әдістері (әдістемелері), баға сәйкестігі рәсімдері және материалдарды, шикізаттарды, арнайы технологиялық жабдықты қоса алғанда, әскери (қорғаныстық) өнімге байланысты стандартталуға тиіс немесе стандартталған өзге де объектілер;

      10) базалық ұйым – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Метрологиялық қамтамасыз ету және стандарттау орталығы республикалық мемлекеттік мекемесі, оған әскери стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлауға, әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар қорын қалыптастыруға, жүргізуге және өзекті етуге, сондай-ақ әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттардың жиынтық тізбесін жүргізуге қатысты жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) ұйымдастыру функциялары жүктелген;

      11) қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнім) – азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ мемлекеттік тапсырыс берушілер кейіннен әскери мақсаттағы тауарлар (өнім) ретінде қайта бейімдеуі және пайдалануы мүмкін өнім мен технологиялар;

      12) мемлекетаралық әскери стандарт – әскери (қорғаныстық) өнімге, сондай-ақ осы өнімге байланысты процестерге және өзге де әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін стандарттау жөніндегі уәкілетті мемлекетаралық орган немесе мемлекетаралық ұйым қабылдаған стандарт;

      13) мемлекеттік тапсырыс беруші – әскери стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді сатып алатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы (мемлекеттік органның ведомствосы);

      14) мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі – әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырыс беруші уәкілеттілік берген ұйым;

      15) негізін қалайтын әскери стандарт – әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды орындауға қатысты жалпы ережелерді, сондай-ақ әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі құжаттар санаттары мен түрлерін белгілейтін стандарт;

      16) техникалық комиссия – әскери стандарттау мәселері бойынша мемлекеттік тапсырыс кезінде құрылатын консультативтік-кеңестік орган.

      3. Әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету;

      2) әскери мақсаттағы өнімнің қауіпсіздігін, сенімділігін, сапасын және оның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;

      3) әскери технологияларды инновациялық дамытуға, техникалық қайта жарақтандыруға және қорғаныс өнеркәсібі кешенін жаңғыртуға стандарттау құралдарымен жәрдемдесу.

      4. Әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мақсаттары мынадай міндеттермен қол жеткізіледі:

      1) озық технологияларды енгізу, әскери (қорғаныстық) өнімді шығару құралдарын тиімді пайдалануды және әскери (қорғаныстық) өнімді әзірлеу және шығару кезіндегі ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ету;

      2) әскери (қорғаныстық) өнім номенклатурасын оңтайландыру және бірегейлендіру, оның үйлесімділігін және өзара ауыстырылуын қамтамасыз ету, оны жасау, өндірісте игеру мерзімдері мен шығындарын, сондай-ақ шығару, пайдалану және кәдеге жарату шығындарын қысқарту;

      3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды іске асыру;

      4) Әскери стандарттау жөніндегі жылдық жоспарларды іске асыру.

      5. Әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, егер өзге қаржыландыру көзі көзделмесе, мемлекеттік тапсырыс беруші тиісті жылға көзделген республикалық бюджет есебінен және шегінде ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

      Әскери стандарттау объектілерінің қауіпсіздігін арттыру және сапасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен өзге де коммерциялық емес ұйымдары осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес көрсетілген әскери стандарттау саласындағы жұмыстарды орындауға арналған шығыстарды тиісті жылға арналған Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына енгізе отырып, өз қаражаты есебінен қаржыландыруы мүмкін.

      6. Әскери (қорғаныстық) өнімге, процестерге және осындай өнімге байланысты өзге де әскери стандарттау объектілеріне қойылатын талаптар белгіленетін әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттарға:

      1) әскери стандарттар, оның ішінде негіз қалаушы әскери стандарттар;

      2) мемлекетаралық әскери стандарттар;

      3) ұлттық стандарттарға әскери толықтырулар;

      4) қару-жарақ пен әскери техника түрлеріне қойылатын жалпы техникалық талаптар жүйесінің нормативтік-техникалық құжаттары жатады.

      7. Әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар әскери стандарттау объектілеріне қатысты қолдану және орындау үшін міндетті болып табылады.

2-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды әзірлеу

      8. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау мақсаттарын, сондай-ақ оны дамыту бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылады.

      9. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) мемлекеттік тапсырыс берушілер бөлімшелерінің ұсыныстары, сондай-ақ жеке қаражаттары есебінен бастамашыл тәртіпте әскери стандарттарды әзірлеу бойынша заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде базалық ұйым ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қалыптастыратын Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына (еркін түрде) сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік тапсырыс беруші бөлімше базалық ұйымға тиісті іс-шараға бекітілген ақша қаражатының лимиті шеңберінде Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарына ұсыныстар береді.

      Базалық ұйым ұсыныстар он жұмыс күні ішінде келіп түскеннен кейін оларды қарайды және Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына қосу не қосудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      10. Әскери стандарттау жөніндегі жыл сайынғы жұмыс жоспарына қосудан бас тартуға негіздеме:

      1) ұсыныстардың әскери стандарттау саласындағы міндеттерге сәйкес келмеуі;

      2) әскери стандарттау жөніндегі іс-шаралардың қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілмеуі;

      3) іс-шаралардың шешім қабылданған күні өзекті болмауы (таратылу саласы бірдей әскери стандарт қабылданған не қайта қаралған, ұсынылатын өзгерістер ғылым, техника мен технология дамуының қазіргі заманғы ғылыми-техникалық деңгейіне сәйкес келмеуі) болып табылады.

      11. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын жыл сайын мемлекеттік тапсырыс берушілердің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітеді.

      12. Әскери стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу, келісу және бекіту, көрсетілген жоспарға құжаттар нысандарын белгілеуді қоса алғанда, негіз қалайтын әскери стандарттармен айқындалады.

      13. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау) мынадай кезеңдерді:

      1) техникалық тапсырманы (техникалық ерекшеліктерді), техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді;

      2) әскери стандарт жобасын әзірлеу және олардың тізбесін техникалық тапсырмамен (техникалық ерекшеліктермен) айқындалған мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және кәсіпорындарға қарауға жолдауды;

      3) мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, әскери стандарт жобасын пысықтауды;

      4) таратылуы шектеулі және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге жатқызуды;

      5) әскери стандартты бекітуге (қабылдауға) дайындауды, оның ішінде сараптама жүргізуді, бекіту (қабылдау) мен есепке алуды;

      6) өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қамтиды.

      14. Әскери стандарттарды әзірлеу (қайта қарау), өзгерістер енгізу, сараптама жүргізу, бекіту, күшін жою, көрсетілген құжаттарды тарату (ұйым стандарттарын қоспағанда) негіз қалайтын әскери стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      15. Әскери стандарттарды әзірлеуді (қайта қарау) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсаты, тапсырыс беруші техникалық тапсырманың (техникалық ерекшеліктерінің) талаптарына жауап беретін қару-жарақ, әскери техника мен қарудың жекелеген түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолданумен бұйымдар (бар болған кезде) айналымы саласында лицензиясы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жүзеге асырады.

      16. Нормативтік құжаттарды құпияландыру үшін негіздеме олардың мемлекеттік органдарда және ұйымдарда қолданыстағы құпияландырылуға тиіс мәліметтер тізбелеріне сәйкес келуі болып табылады.

3-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды келісу және сараптау

      17. Әзірлеуші әскери стандарттау жобасын әскери стандарттау объектісіне байланысты олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келіседі.

      18. Әскери стандарттардың жобаларын келісу мерзімі олар қаралуға келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспауға тиіс.

      19. Бақылау (сынау) әдістеріне және өлшеуді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптар бар, ұлттық және мемлекетаралық деңгейлерде стандартталмаған әскери стандарттар Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес келісуге тиіс.

      20. Терминология жөніндегі әскери стандарттардың жобалары Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясына қарауға жолданад (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы ережесінің 5-тармағы).

      21. Әзірлеуші әскери стандарттың жобасын қарау және келісу қорытындылары бойынша жинақталған пікірлер дайындауды жүзеге асырады.

      Әзірлеуші ұйым қабылдаған және қабылдамаған ескертулер мен ұсыныстар пікірлер жинағына енгізіледі. Ескертулермен және ұсыныстармен келіспеген жағдайда дәлелденген негіздеме келтіріледі.

      22. Әзірлеуші алынған ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды ескере отырып, әскери стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды және оны мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне сараптауға жолдайды.

      Сараптама:

      1) әзірленетін әскери стандарттар жобаларының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес келуін белгілеуді;

      2) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету саласында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында әскери мақсаттағы объектілерді метрологиялық қамтамасыз етуді талдауды және бағалауды;

      3) қолданыстағы немесе бұрын әзірленген әскери стандарттарды қайта қарау, өзекті ету және (немесе) бірегейлендіру қажеттілігін анықтауды;

      4) қолданыстағы әскери стандарттар талаптарының қайталануын болдырмауды;

      5) бәсекеге қабілеттіліктің функционалдық және сәйкестендіру көрсеткіштерінің бар болуын белгілеуді;

      6) шет мемлекеттердің әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуін (бар болған кезде) белгілеуді қамтиды.

      23. Әскери стандарттарға сараптаманы мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таратылуы шектеулі ақпаратқа тиісті нысандағы рұқсаты бар сарапшыларын тарта отырып, келіп түскен күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.

      Сараптама жүргізу нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды жасалады.

      24. Сараптама нәтижелері бойынша әзірлеуші стандарттың ісін жасайды және оны әскери стандарттау мәселелері жөніндегі техникалық кеңес және техникалық комиссия отырысында одан әрі қарау үшін мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне жолдайды.

      25. Әрбір әскери стандарт жобасына әзірлеуші стандарттың ісін қалыптастырады.

      26. Мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі әскери стандарттың жобасын мынадай:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының және әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген;

      2) техникалық тапсырмада (техникалық ерекшелікте) белгіленген мақсаттарға қол жеткізілмеген;

      3) Стандарт ісі осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес келмеген жағдайларда пысықтауға қайтарады.

4-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды бекіту және қолданысқа енгізу

      27. Әскери стандартты бекіткен кезде мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне әзірлеушінің ілеспе хатымен арнайы тіркелім папкасында ресімделген және мыналар қамтылған стандарттың ісін жолдайды:

      1) істің тізімдемесі;

      2) мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі әскери стандарт жобасы;

      3) түсіндірме жазба;

      4) техникалық тапсырма (техникалық ерекшелік);

      5) әскери стандарттар жобаларының келісу органдарымен келісілгенін растайтын құжаттар (түпнұсқалар). Электрондық пошта арналары бойынша келісілген кезде келісуші орган басшысының цифрлық қолтаңбасы қойылған бланкідегі хаттың электрондық нұсқасы ұсынылады;

      6) пікірлер жинағы;

      7) сараптамалық қорытынды;

      8) әскери стандарттау мәселелері жөніндегі техникалық кеңес отырысының хаттамасы;

      9) әскери стандарт жобасын қарау жөніндегі әзірлеушінің жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары (олар өткізілген жағдайда);

      10) қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы және (немесе) әскери (қорғаныстық) өнімді сынау актілері (олар өткізілген жағдайда);

      11) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясының қорытындысы (терминология жөніндегі әскери стандарттар жобалары бойынша);

      12) әскери стандарт жобасы ережелеріне үйлестірілген шет мемлекеттердің әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттары;

      13) бұйымның фотосуреті (бар болған кезде) жолданады.

      28. Қалыптастырылған стандарт ісін мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі әскери стандарт жобасын бекіту туралы шешім қабылдау үшін әскери стандарттау мәселелері жөніндегі техникалық комиссияның отырысына шығарады.

      29. Әскери стандарт ол ұсынылған сәттен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік тапсырыс беруші басшысының бұйрығымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі.

5-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды есепке алу

      30. Әскери стандарттар бекітілгеннен кейін базалық ұйымның әскери стандарттарды тіркеу (есепке алу) кітабында мынадай мәліметтерді көрсетумен есепке алынуға және тіркелуге тиіс:

      1) тіркеу күнін және реттік нөмірін;

      2) әскери стандартты белгілеуді;

      3) әскери стандарттың атауын;

      4) әскери стандартты бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен күнін;

      5) әзірлеуші ұйымның атауын, заңды мекенжайын;

      6) әскери стандартты өзгерту мен күшін жоюды;

      7) енгізу күнін;

      8) шет мемлекеттердің әскери (қорғаныстық) өнімді стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен үйлестіруді (олар бар болған кезде).

      31. Мемлекеттік тапсырыс беруші әскери стандартты бекіткеннен кейін базалық ұйымға стандарттың ісін сақтауға жолдайды.

      32. Әскери стандарттарды есепке алуды және тіркеуді базалық ұйым жүргізеді.

      33. Әскери стандарттарды базалық ұйым шығарады, қайта шығарады және таратады.

      34. Әскери стандарттар ақпараттық ресурс болып табылатын әскери стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар қорын құрайды.

      35. Әскери стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар қорын қалыптастыру және жүргізу:

      1) әскери стандарттарды (түпнұсқалар мен көшірмелер), әскери стандарттың істерін есепке алуды және жинақтауды;

      2) жойылған, күшін жойған әскери стандарттарды бес жыл бойы депозиттік сақтауды;

      3) әскери стандарттар туралы құжаттарды және осындай құжаттардың көшірмелерін, оларды басып шығару мен таратуды қоса алғанда, ұсынуды қамтиды.

      36. Әскери стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар қорын құру және жүргізу, оның ішінде ақпараттар мен құжаттар көшірмелерін ұсыну негіз қалаушы әскери стандарттармен айқындалады.

      37. Әскери стандарттау саласындағы қызметке қатысушыларға осы әскери стандарттардың құрамы, осы құрамның өзгерістері туралы ақпаратты базалық ұйым жүзеге асырады.

6-тарау. Әскери мақсаттағы тауарларға (өнімге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге әскери стандарттарды өзгерту және күшін жою

      38. Әскери стандарттарға өзгерістер жекелеген талаптарды толықтыру немесе жою, олардың қолданысын ұзарту, шектеу кезінде әзірленеді.

      39. Әскери стандарттарға өзгерістер енгізу тексеру жүргізу немесе мүдделі мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан ұсыныстар алу негізінде жүзеге асырылады.

      40. Әскери стандарттарға өзгерістер осы Қағидалардың 2-5-тарауларына сәйкес мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне бекітуге ұсынылады.

      41. Әскери стандарттарға өзгерістер мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесі басшысының бұйрығымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі.

      42. Әскери стандарттардың күшін жою:

      1) осы әскери стандарт бойынша жүргізілген әскери және қосарланған мақсаттағы өнімді (жұмысты орындау, қызмет көрсету) шығару тоқтатылған;

      2) жаңа әскери стандарт қолданысқа енгізілген кезде жүзеге асырылады.

      43. Әскери стандарттардың күші жойылған кезде күшін жоюға бастама танытқан адам мемлекеттік тапсырыс берушінің бөлімшесіне:

      1) жою туралы ұсынысты;

      2) оны ауыстыратын құжат немесе оны ауыстырмай әскери стандартты жою туралы негіздемесі бар ақпаратты;

      3) әскери стандартты жоюға тапсырыс беруші ұйымның және әзірлеуші ұйымның келісімін растайтын хатты жолдайды.

      44. Әскери стандарттардың күшін жою олардың құзыреті шегінде мүдделі мемлекеттік органдармен, ведомстволармен, мекемелермен және заңды тұлғалармен келісу бойынша олардың мүдделерінде әскери стандарт әзірленген мемлекеттік тапсырыс беруші басшының бұйрығымен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады