Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы шығару қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қазанда № 15935 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 18-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы шығару қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тылы және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

      генерал-лейтенант

      А. Күреңбеков

      2017 жылғы "____"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      К. Мәсімов

      2017 жылғы "____"__________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2017 жылғы "____"__________

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы "25" тамыздағы
№ 491 бұйрығымен
Бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы шығару қағидалары

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.01.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қарулануынан шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы шығару тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ведомствоішілік кеңесші орган – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан қару-жарақ пен әскери техниканы (бұдан әрі – ҚӘТ) шығару жөніндегі тұрақты әрекеттегі жұмыс органы;

      2) жабдықталым органы (қызметі) – оларға жүктелген функцияларға сәйкес Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды әскери мүлікпен қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының құрылымдық бөлімшесі немесе мемлекеттік мекемесі;

      3) сараптау комиссиясы – ҚӘТ-ны жауынгерлік қолдану және пайдалану бойынша білімі бар мамандардан тұратын алқалы орган.

      3. КӘТ-ны қаруланудан шығару үшін Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары (қолбасшылар, бастықтар), (Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау және ұлттық қауіпсіздік органдары үшін – мемлекеттік органның бірінші басшысы немесе оның тиісті комиссияларын тағайындауға уәкілетті орынбасары), Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның бас қолбасшысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Айрықша мақсаттағы күштерінің қолбасшысы және оларға теңестірілген басшылықтармен (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары) эксперттік комиссия тағайындалады.

2-тарау. Қаруланудан алу тәртібі

      4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан:

      1) шығару тоқтатылған (оның ішінде қосалқы бөлшектер, тораптар, агрегаттар және оқ-дәрілер шығару тоқтатылған), пайдалану мерзімі (қолданылу циклі) аяқталған, ал жөндеу түрін жүргізу экономикалық тұрғыдан мақсатқа сәйкес емес;

      2) жаңғырту әлеуеті таусылған және қазіргі заманғы үлгі деңгейіне қол жеткізу үшін жаңғырту жүргізу мүмкін емес;

      3) номенклатурасы бірегейлендіру есебінен қысқартылатын ҚӘТ шығарылуға тиіс.

      5. ҚӘТ-ны қаруланудан шығару мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) жабдықталым органы мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларына ҚӘТ-ны қаруланудан шығару бойынша ұсыныстар береді;

      2) сараптау комиссиясы жабдықталым органы басшысының қарары негізінде талдау жүргізеді және ведомствоішілік кеңесші органның отырысына ҚӘТ-ны қаруланудан шығару туралы мәселені қарау туралы ұсыныс береді;

      3) сараптау комиссиясының қорытындысы ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қаралады;

      4) мемлекеттік органның бірінші басшысы ҚӘТ-ны қаруланудан шығару туралы бұйрық шығарады.

      6. ҚӘТ-ны қаруланудан шығару ведомствоішілік кеңесші органның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

      Сараптау комиссиясының құрамына:

      комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссия мүшелері (кемінде үш адам) кіреді. Сараптау комиссиясына тек зерттелетін саладағы білікті мамандар енгізіледі.

      Комиссияның құрамы нақтыланады және мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларының бұйрықтарында көрсетіледі.

      7. Ведомствоішілік кеңесші органның құрамы және ол туралы ереже мемлекеттік органдар бірінші басшыларының бұйрықтарымен бекітіледі.

      8. Жұмыс барысында сараптау комиссиясы:

      1) қарауға ұсынылған ҚӘТ-ның анықтамалық деректерін, оның ішінде пайдалануда болу уақытын, моторесурстың орташа жұмыс атқарымын, жаңа үлгіні сатып алуға байланысты жөндеу құнының арақатынасын зерделейді;

      2) қарауға ұсынылған ҚӘТ-ның тактикалық-техникалық сипаттамасын осы типтің жаңа үлгісімен салыстырып талдау жүргізеді (талдау жүргізу үшін дереккөз ретінде интернет-ресурста, журналдарда, буклеттерде, таныстыру материалдарында орналастырылған ресми ақпарат пайдаланылады). Бұл ретте Қазақстан Республикасының Әскери доктринасына және мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес қалыптастырылған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары құрылысының, ҚӘТ-ны дамытудың әлемдік үрдісінің перспективалық бағыттары ескеріледі;

      3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлімшелерде (әскери бөлімдерде, құрамаларда, бірлестіктерде, мекемелерде) қаруланудан шығару туралы қорытынды дайындайды.

      9. Сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан ҚӘТ-ны шығару туралы ұсынысты ведомствоішілік кеңесші органның қарауына шығарады.

      10. Оң шешім қабылданған кезде мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары ведомствоішілік кеңесші органның отырыстарын дайындауға және өткізуге жауапты органға ведомствоішілік кеңесші органның мүшелерін олармен алдын ала таныстыру үшін қажетті материалдарды (баяндамаларды, талдауды, хаттамаларды, сараптау комиссиясының қорытындысын) жолдайды.

      11. Ведомствоішілік кеңесші органның отырысы барысында мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшылары сараптау комиссиясының қорытындысы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан ҚӘТ-ны шығару қажеттілігі (қажеттіліктің болмауы) туралы баяндайды.

      12. Баяндау тыңдалғаннан кейін ведомствоішілік кеңесші органның мүшелері оны талқылауға кіріседі, оның барысында өз ұсыныстарын береді. Даулы мәселелер болған кезде басқа шақырылған мамандардың пікірлері тыңдалады. Талқылау аяқталғаннан кейін ведомствоішілік кеңесші органның мүшелері келіп түскен ұсыныстар бойынша дауыс беруге кіріседі. Дауыс тең болған жағдайда ведомствоішілік кеңесші органның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

      13. Ведомствоішілік кеңесші органның шешімі хаттамамен ресімделеді, оны жабдықталым органы (қызметі) дайындайды.

      Ведомствоішілік кеңесші органның отырысында қабылданған шешім (хаттама) мемлекеттік органдар құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларына жеткізіледі.

      Ведомствоішілік кеңесші органның шешімі оң болған кезде жабдықталым органы 10 (он) күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік орган бірінші басшысының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қарулануынан ҚӘТ-ны шығару туралы бұйрығын дайындайды.

      14. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ҚӘТ кадастрынан алынған ҚӘТ қаруланудан шығарылды деп саналады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери
құралымдарының
қарулануынан қару-жарақ пен
әскери техниканы шығару
қағидаларына
қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Әскер түрлерінің бас
қолбасшысы
(қолбасшысы, бастығы)
және оларға
теңестірілген
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі,
инициалдары)
20___ жылғы " ___ " _______

Бөлімшелерде (әскери бөлімдерде, құрамаларда, бірлестіктерде, мекемелерде) қаруланудан шығару туралы қорытынды

      ____________________________________________________________________

                              (мемлекеттік органның атауы)

      Мынадай құрамдағы комиссия:

      комиссия төрағасы – _____________________________________________;

      (әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы)

      және комиссия мүшелері – _____________________________________________;

      (әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы)

      ____________________________________________________________________;

      (әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы)

      ____________________________________________________________________;

      (әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы)

      ____________________________________________________________________;

      (әскери атағы, тегі, инициалдары, атқаратын лауазымы)

      ____________________________________________________________________

      (бұйрықты шығарған адамның әскери атағы, тегі, инициалдары, лауазымы)

      ___________________________________________________________________

      (бұйрық, өкім, нұсқау нөмірі мен күні)

      бұйрығы (өкімі, нұсқауы) негізінде 20 _жылғы "___"_______ мен 20__ жылғы

      "___" ______ кезеңінде ________________________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      ҚӘТ үлгісін қаруланудан шығару мәніне оны зерделеу туралы осы қорытындыны жасады.

      Зерделеу нәтижесінде мыналар анықталды:

      1. Қару-жарақтың техникалық жай-күйі.

      2. Қазіргі заманғы түрлермен (типтермен) салыстырғанда оның тактикалық-техникалық сипаттамасына және қойылатын талаптарға сәйкес келуі.

      3. Оны одан әрі жаңғырту мүмкіндігі (мүмкін еместігі) және мақсатқа сәйкестігі, оны жүргізуге экономикалық шығын.

      4. Оны пайдалану және күтіп-ұстау жөніндегі проблемалық мәселелер (қажетті қосалқы бөлшектердің бар болуы, жиынтықтаушы бұйымдарды сатып алу мүмкіндігі, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мүмкіндігі).

      5. ҚӘТ-ның осы үлгісі (бұйымы, кешені) бойынша қорытынды.

      6. Одан әрі пайдалану жөніндегі ұсыныстар (жүктелген құзірет шегінде).

      Қосымшалар: анықтамалық материалдар, салыстырмалы кестелер, схемалар, фототүсірілімдер және қаруланудан шығаруды негіздеу үшін қажетті басқа да құжаттар.

      Комиссия төрағасы: __________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      ________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      ________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      ________________________________________________________________

      (әскери атағы, қолы, тегі, инициалдары)

      Ескертпе:

      1) қару-жарақ атауында қысқарту пайдаланылмайды, қару-жарақтың толық атауы көрсетіледі (мысалы: АК-47 автоматы – қолданылмайтын атау; 7,62 мм АК-47 Калашников автоматы – қолданылатын атау);

      2) қорытындының және қосымшалардың әрбір парағына қорытындыны бекітетін адам қол қояды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады