"Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 10 қарашадағы № 164 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 қарашада № 16021 болып тіркелді

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 298 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік және мал шаруашылығында іріктемелі зерттеу өткізу әдістемеде:

      6-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) маусымдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, питомниктердің өнімдерін өндіру, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

      3) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамнан асатын дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

      4) маусымдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, питомниктердің өнімдерін өндіру, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамға дейінгі қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

      5) маусымдық дақылдарды өсіру, көпжылдық дақылдарды өсіру, питомниктердің өнімдерін өндіру, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамға дейінгі ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

      6) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамға дейінгі қалалық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;

      7) мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы бойынша негізгі және қосалқы экономикалық қызмет түрлері бар қызметкерлерінің саны 100 адамға дейінгі ауылдық жерлердегі дара кәсіпкерлер және шаруа немесе фермер қожалықтары;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер іріктемелі жиынтықта нақты респонденттер тізбесі қамтылмай, іріктемені қалыптастыруға жауапты Комитеттің құрылымдық бөлімшелерімен қалыптастырылған елді мекендегі зерттелетін респонденттер саны пікіртерім басталатын шаруашылықтың реттік нөмірі және шаруашылықа баруға тиісті қадам көлемі туралы ақпаратты қамтитын болса, аумақтық статистика органдары сол жерлерде интервьюерге арналған бағдарды құрастырады. Алдымен санау басталатын шаруашылық (көшесі және үй нөмірі) еркін түрде анықталады. Содан кейін бұл шаруашылықтан еркін бағытта (мысалы, бір көшені жағалай) пікіртерім басталатын шаруашылықтың реттік нөміріне сәйкес келетін шаруашылықтар саны есептеледі. Нәтижесінде зерттеу өткізуге тиісті бірінші шаруашылық анықталады. Пікіртерім үшін келесі шаруашылықтар іріктеменің қадамына сәйкес анықталады. Мал шаруашылығы бойынша зерттеу өткізу кезінде интервьюер қадам бойынша түскен ауыл шаруашылығы малдары жоқ шаруашылықтарды, өсімдік шаруашылығы бойынша зерттеулерді өткізу кезінде - ауыл шаруашылығы дақылдарының егістіктері жоқ шаруашылықтарды өткізіп жібереді. Өткізгеннен кейін, одан әрі іріктеме қадамы сақталады және нәтижесінде іріктемеде мәлімделген шаруашылықтар санына пікіртерім жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Өндіріс және қоршаған орта статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады