"Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 379 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда № 16047 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10821 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясындағы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік авиациядағы авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Ауыр ұшқышсыз ұшу аппараттарымен (бұдан әрі – ҰҰА) болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалар бортында экипажы бар әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру тәртібіне ұқсас, сондай-ақ авиациялық оқиға болған жағдайда ҰҰА-ның жіктемесіне, адамдардың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіруге немесе мүлікке залал келтіруге қарамастан тексеріледі.";

      5-тармақта:

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) қауіпті жақындасу – нәтижесінде олардың қақтығысуы қаупі туындайтын жартысынан аз аралыққа әуе кемелерінің өз арасында немесе басқа да материалдық объектілермен абайсызда және ұшу тапсырмасымен көзделмеген жақындасу;";

      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "36-1) ұшқыш құрамының қате іс-қимылы (қателігі) – ниетінсіз әуе кемесін басқару жөніндегі іс-қимылды дұрыс немесе уақтылы жасамау. Ұшқыш құрамының қате іс-қимылдарын нұсқаушылар құрамы, ұшуға басшылық жасау тобының персоналы және объективті бақылау материалдарының деректері бойынша айқындалады;

      36-2) ұшу тапсырмасы – авиация тегінің жауынгерлік дайындық (ұшу, оқу-жаттығу ұшу) курсымен айқындалған немесе командирдің (бастықтың) ұшқышқа бергенәуе кемесінің ұшып шығуынан бастап қонуына дейінгі ұшуға тапсырма;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Авиациялық бөлім командирі мемлекеттік авиацияны басқару органы басшысына және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органы басшысына авиациялық оқиға туралы дереу ауызша баяндайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Авиациялық бөлім командирі (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық оқиға туралы жедел ақпаратты авиациялық оқиға болған сәттен бастап екі сағат ішінде мемлекеттік авиацияны басқару органы басшысына және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органы басшысына ұсынады.";

      91, 92, 93-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Елеулі авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияны мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) құрады.

      Мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне тиесілігі бойынша ҰҰА-мен болған елеулі авиациялық инцидентті тексеру жөніндегі комиссияны құрады.

      92. Материалдық залалға немесе адамдардың денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған елеулі авиациялық инцидент болған жағдайда мемлекеттік авиацияны басқару органы басшысы (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру аяқталған күннен бастап кешіктірмей бес жұмыс күнімерзімінде мемлекеттік органның басшысына (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) тексеру нәтижелері туралы жазбаша баяндаманы, көшірмесін – мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органына ұсынады.

      Баяндамада елеулі авиациялық инциденттің сипаты, ұшқыш (ҰҰА экипажы, операторы), авиациялық техника туралы деректер, ұшу тапсырмасы, авиациялық жағдайдың мән-жайлары мен себептері, ұшқыштың (ҰҰА экипажының, операторының) және ұшуға басшылық жасау тобының (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органының) іс-қимылдарын бағалау, материалдық залал сипаты және адамдардың денсаулығына зиян келтіру дәрежесі, әуе кемесін қалпына келтіру үшін қажетті мерзім, осындай жағдайлардың профилактикасы жөніндегіқабылданған шаралар, ұсынымдар көрсетіледі.

      93. Авиациялық инциденттерді тексеру үшін авиациялық бөлімнің командирі (бастығы) (әуе кемесінің тиесілігі бойынша) авиациялық инциденттерді тексеру жөнінде комиссия құрады.";

      мынадай мазмұндағы 107-1-тармақпен толықтырылсын:

      "107-1. Авиациялық инцидентті тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік авиация басқару органы басшысының және/немесе бөлім командирінің (бастығының) бұйрығы шығарылады.";

      109-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "109. Авиациялық жағдайды авиациялық оқиғаға немесе инцидентке жатқызу туралы және оны жіктеу туралы шешімді авиациялық бөлімнің командирі немесе мемлекеттік авиацияны басқару органы басшысы қабылдайды.";

      113-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік авиацияны басқару органында бағынысты бөлімдер мен бөлімшелердің әуе кемелерімен болған авиациялық жағдайларды есепке алу жүргізіледі;";

      119-тармақ алып тасталсын;

      2-қосымшада:

      1-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) ұшуды орындауға және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының басшылық жасауға (әуе қозғалысын басқаруға (қызмет көрсетуге) нақты дайындығын, сондай-ақ ерекше жағдай туындаған және ол дамыған кезде экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының іс-қимылдарын бағалау;

      5) ұшуларды ұйымдастыруда, экипаждың (ұшқыштың, ҰҰА операторының) және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының дайындығында және іс-қимылдарында кемшіліктер бар болған кезде олардың авиациялық оқиғаға әсер етуінің және онымен байланысының дәрежесін бағалау;";

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) экипаждың, ҰҰА операторының денсаулық жай-күйін, жұмыс қабілетін және психофизиологиялық қызмет ерекшеліктерін бағалау, осы факторлардың ерекше жағдайдың туындауына және нәтижесіне әсері;

      8) ұшқыштың (экипаж мүшелерінің, ҰҰА операторының) моральдық-психологиялық дайындығын бағалау;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) ерекше жағдайдың туындауын және дамуын және ұшқыштың (экипаждың,ҰҰА операторының) және ұшуларға басшылық жасау тобы (әуе қозғалысын басқару (қызмет көрсету) органы) персоналының іс-қимылдарын талдау;";

      2-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әуе кемесінің ұшудағы жұмыс қабілетін бағалау мақсатында оның жай-күйін зерттеу, ал істен шығу анықталған жағдайда – оның себебін анықтау;";

      7-қосымшада:

      1-тармақта:

      2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) экипаж (ҰҰА операторы) туралы деректер:";

      6) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) әуе кемесі туралы деректер:";

      10-қосымшада:

      1-тармақтың 13) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресмижарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник
С. Жасұзақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      _______________К. Мәсімов

      2017 жылғы" __ " _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      ______________Қ. Қасымов

      2017 жылғы" __ " _________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады