Ақкөл қаласының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № А-2/35 қаулысы және Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 7 ақпандағы № С 9-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 ақпанда № 5759 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы, 1 тармағы, 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармағына сәйкес, қала халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 5 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақкөл қаласының көшелері:
      Ново-Октябрьская көшесін – Ілияс Жансүгіров көшесіне;
      Ленинский тұйық көшесін – Ыбырай Алтынсарин тұйық көшесіне;
      Комсомольская көшесін – Достық көшесіне;
      Карл Маркс көшесін – Кәукен Кенжетаев көшесіне;
      Ворошилов көшесін – Қайым Мұхамедханов көшесіне;
      25 партсъезд көшесін – Жастар көшесіне;
      Фрунзе көшесін – Бейімбет Майлин көшесіне;
      Чапаев көшесін – Мұхтар Әуезов көшесіне;
      Авангардная көшесін – Ақжол көшесіне;
      Зеленая көшесін – Баубек Бұлқышев көшесіне;
      Сенная көшесін – Құлагер көшесіне;
      Ново-береговая көшесін – Хамит Ерғалиев көшесіне;
      Пионерская көшесін – Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен шешім және қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Ж.Салыбекова
      Ақкөл ауданы әкімі Т.Едігенов
      Ақкөл аудандық
мәслихатының хатшысы
Ж.Салыбекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады