Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 3 "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 5769 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімінің 14.12.2018 № 11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қорытындысының, Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № А-13/577 "Ақмола облысы Атбасар ауданының Новоалександровка ауылын және Новоалександровка ауылдық округін қайта атау туралы" қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 6С-7-11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5704 тіркелген) шешімінің негізінде, Атбасар ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атбасар ауданы әкімінің 2014 жылғы 3 наурыздағы №3 "Атбасар ауданында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4053 болып тіркелді, 2014 жылғы 18 сәуірде "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланды) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

      осы шешімнің қосымшасындағы 8 жолы келесідей редакцияда баяндалсын:

      "8. № 219 сайлау учаскесі. Шекарасы: Бастау ауылы."

      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Никишов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
Т.Боранбаев

      "10".02. 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады