2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № а-12/552 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 6356 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген 2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Х.Тәжденоваға жүктелсін.

      3. Осы қаулының әрекеті 2018 жылдың 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Қалжанов

  Атбасар ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 29.12
№ а-12/552 қаулысымен
бекітілген

2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ана төлемақысынын мөлшері (теңге)



мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

мемлекеттік

жеке меншік

1

Балабақша

670

0

25540

0

12145

0

2

Толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

457

0

18106,1

0

12145

0

3

Жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

127

0

9053

0

6500

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады