Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 16 маусымдағы № 2 "Жарсуат, Ягодный ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 ақпандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 наурызда № 5857 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жарсуат ауылдық округі әкімінің "Жарсуат, Ягодный ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" 2010 жылғы 16 маусымдағы № 2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-128 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Жарсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарсуат ауылдық
округінің әкімі
Қ.Сулейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының "Мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Г.Карасаева

      27.02.2017 ж.
      Астрахан ауданының "Құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Н.Кулаков

      27.02.2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады