Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 маусымдағы № 1 "Өндіріс және Приишимка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан ауданы Новочеркасск ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 12 мамырдағы № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 маусымда № 5975 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Новочеркасск ауылдық округі әкімінің "Өндіріс және Приишимка ауылдарының көшелеріне атаулар беру туралы" 2010 жылғы 15 маусымдағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-6-127 болып тіркелген, 2010 жылғы 23 шілдеде "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, халқының пікірін ескере отырып, Новочеркасск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новочеркасск ауылдық
округінің әкімі
Т.Оспанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Астрахан ауданының
"Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Г.Карасаева

      12.05.17ж.

      Астрахан ауданының
"Құрылыс, сәулет және
қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Н.Кулаков

      12.05.17ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады