Ерейментау ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № а-12/422 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 желтоқсанда № 6232 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № а-11/415 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 25.11.2019 № а-11/415 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса берілген Ерейментау ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.А.Манадыровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Қоғамдық денсаулық сақтау
комитетінің Ақмола облысы
Қоғамдық денсаулық сақтау
департаментінің Ерейментау
аудандық қоғамдық денсаулық
сақтау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
М.М.Бейсенова

      "06" желтоқсан 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер
комитеті Ақмола облысы
бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің Ерейментау
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.А.Түбеков

      "06" желтоқсан 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының Ішкі істер
департаменті Ерейментау
аудандық Ішкі істер бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
М.Т.Куркин

      "06" желтоқсан 2017 жыл

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы "06" желтоқсандағы
№ а-12/422 қаулысымен
бекітілді

Ерейментау ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 27.11.2018 № а-11/415 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Сауда орындарының орналасқан жері

1.

Ерейментау қаласы, Абылайхан көшесі, № 152 үйдің маңында

2.

Ерейментау қаласы, Талғат Мұсабаев көшесі, № 13 үйдің маңында

3.

Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, № 162 үйдің маңында

4.

Ерейментау қаласы, Зеленый хутор көшесі, № 19 үйдің маңында, дөңес көпір аймағында

5.

Ерейментау қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, № 35 үйдің маңында, "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының ғимаратына қарсы

6.

Ерейментау қаласы, Абылайхан көшесі, № 95"А" үйдің маңында

7.

Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, "Сары-Арқа" базарының маңында

8.

Ерейментау қаласы, қалалық саябағы аумағында

9.

Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, № 133 үйдің маңында

10.

Бозтал ауылы, Тәуелсіздік көшесі, № 13/1 үйдің маңында

11.

Еркіншілік ауылы, Жүніс Хамзеұлы көшесі, № 61 үйдің маңында

12.

Новомарковка ауылы, Достық көшесі, ауыл клубының маңында

13.

Сілеті ауылы, Сәкен Сейфуллин атындағы көшесі № 1 үйдің маңында

14.

Бестоғай ауылы, Тың игерушілер көшесі, № 27 үйдің маңында

15.

Ақмырза ауылы, Тұрсынбай Биімжанов атындағы көшесі, № 22/1 үйдің маңында

16.

Олжабай батыр атындағы ауыл, Алаш орда көшесі, № 25 үйдің маңында

17.

Тайбай ауылы, Алаш көшесі, ауыл клубының маңында

18.

Өлеңті ауылы, Қапбас Жаниев атындағы көшесі, № 12 үйдің маңында

19.

Қойтас ауылы, Қаркен Ахметов атындағы көшесі, № 9 үйдің маңында

20.

Күншалған ауылы, Иллиадор Поморцев атындағы көшесі, саябақтың маңында

21.

Ақсуат ауылы, Ыбрай Алтынсарин атындағы көшесі, № 18/1 үйдің маңында

22.

Торғай ауылы, Жәнібеков Құрмаш атындағы көшесі, № 23 үйдің маңында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады