Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 159 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 желтоқсанда № 5726 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Әйтеке би аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 тамыздағы № 56 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 292 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5061 тіркелген, 2016 жылғы 29 қыркүйекте аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) Әйтеке би аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 96 "Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 292 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5230 тіркелген, 2017 жылғы 26 қаңтардағы аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. "Әйтеке би аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би аудандық
мәслихатының сессия
төрағасы
Әйтеке би аудандық мәслихат хатшысының уақытша өкілеттігін атқарушы
      С.М. Кішкенебаев С.Б. Біртаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады