Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 261 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 тамызда № 5626 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 ақпандағы № 89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімдігінің 25.02.2021 № 89 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 8, 27 баптарына сәйкес, Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. Г. Сисенова

  Алға ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 шілде № 261 қаулысына ҚОСЫМША

Алға ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Елді мекен атауы

Көшпелі сауданы жүзеге асыратын орындары


Алға қаласы

1

Алға қаласы

Байтұрсынов көшесіндегі №15 А үйдің алдында


Ақай ауылдық округі

2

Ақай ауылы

Фоменко көшесіндегі №42 А үйдің алдында


Бестамақ ауылдық округі

3

Бестамақ ауылы

Есет батыр көшесіндегі № 110 үйдің алдында


Бесқоспа ауылдық округі

4

Есет батыр Көкіұлы ауылы

Ш.Уәлиханов көшесіндегі №27 үйдің алдында


Карағаш ауылдық округі

5

Самбай ауылы

Центральная көшесіндегі №12 үйдің алдында


Қарабұлақ ауылдық округі

6

Қарабұлақ ауылы

Ә.Молдагулова көшесіндегі №131 үйдің алдында


Қарахобда ауылдық округі

7

Қарахобда ауылы

Ы.Алтынсарин көшесіндегі №9 үйдің алдында


Қарақұдық ауылдық округі

8

Қарақұдық ауылы

Федорченко көшесіндегі №47 үйдің алдында


Маржанбұлақ ауылдық округі

9

Маржанбұлақ ауылы

А.Құнанбаев көшесіндегі № 19 Б үйдің алдында


Сарықобда ауылдық округі

10

Сарықобда ауылы

Жастар көшесіндегі №21 А үйдің алдында


Тамды ауылдық округі

11

Тамды ауылы

Есет батыр Көкіұлы көшесіндегі №48 А үйдің алдында


Тоқмансай ауылдық округі

12

Тоқмансай ауылы

Т.Жаманбаев көшесіндегі №25 үйдің алдында


Үшқұдық ауылдық округі

13

Үшқұдық ауылы

Орталық көшесіндегі №21 үйдің алдында


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады