Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 "Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің 2017 жылғы 23 ақпандағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 наурызда № 5372 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, "Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Аққұдық ауылдық округінің Веренка ауылын Достық ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 89 шешімі мен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 516 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5227 болып тіркелген) және "Мәртөк ауданының Казанка селосын - Қазан ауылы деп қайта атау туралы" бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 207 қаулысымен Ақтөбе облысының мәслихатының 2007 жылғы 11 шілдедегі № 385 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3216 болып тіркелген) сәйкес, Мәртөк ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәртөк ауданы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 2 "Мәртөк ауданы аумағында сайлау учаскелерiн құру туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3776 болып енгізілген, 2014 жылғы 27 ақпанда аудандық "Мәртөк тынысы" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшасының "Избирательный участок № 270" жолында "Казанка" сөзі "Казан" сөзімен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасының "№ 279 сайлау учаскесі" жолында "Веренка" сөзі "Достық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкiмi аппаратының басшысы Т. Көлкебаевқа жүктелсiн.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Н. Қалауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады