Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 36 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 6 наурызда № 5290 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Темір ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Жүсібалиев

  Аудан әкімдігінің 2017 жылғы "13" ақпандағы № 36 қаулысына қосымша

Темір ауданы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. 2016 жылғы 20 сәуірдегі № 109 "Темір ауданының жергілікті атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4938 тіркелген, 2016 жылдың 22 маусымында "Темір" газетінде жарияланған).
      2. 2016 жылғы 12 ақпандағы № 38 "Темір ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген, 2016 жылдың 15 наурызында, 01 сәуірінде "Темір" газетінде жарияланған).
      3. 2016 жылдың 12 ақпан № 37 "Темір ауданының ауыл шаруашылығы мен ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту және ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4761 тіркелген, 2016 жылдың 22 наурызында, 01 сәуірінде "Темір" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады