Шектеу іс-шараларын алу және Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 19 қыркүйектегі № 17 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 қазанда № 5668 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Шалқар аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 18 шілдедегі № 16-8/66 ұсынысы негізінде, Айшуақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Айшуақ ауылдық округіндегі "Қуан" шаруа қожалығының аумағындағы түйелердің арасында құтыру ауыруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.

      2. Айшуақ ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 сәуірдегі № 9 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5483 тіркелген, 2017 жылғы 18 мамырдағы "Шалқар" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Айшуақ ауылдық округінің әкімі А. Саттыков

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Айшуакского сельского округа от 25 апреля 2017 года № 9 "Об установлении ограничительных мероприятий"

Решение акима Айшуакского сельского округа Шалкарского района Актюбинской области от 19 сентября 2017 года № 17. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 3 октября 2017 года № 5668

      В соответствии со статьями 35, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии" и на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора государственного учреждения "Шалкарская районная территориальная инспекция Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" от 18 июля 2017 года № 16-8/66 аким Айшуакского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации очагов болезни бешенства среди верблюдов снять ограничительные мероприятия, установленные на территории крестьянского хозяйства "Қуан" расположенного в Айшуакском сельском округе.

      2. Признать утратившим силу решение акима Айшуакского сельского округа от 25 апреля 2017 года № 9 "Об установлении ограничительных мероприятий", (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5483, опубликованное 18 мая 2017 года в районной газете "Шалқар")

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Айшуакского сельского округа А. Саттыков