Шалқар ауданының Тоғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 "Тоғыз ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 3 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 наурызда № 5352 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Респрубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шалқар ауданының Тоғыз селолық округі әкімінің қазақ тіліндегі 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 "Тоғыз ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-115 тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйекте аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Тоғыз ауылдық округінің әкімі А. Жақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады