Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Алматы облысы Балқаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 33 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 6 сәуірде № 4175 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына және "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Балқаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Смағұлов Сайран Сейткемелұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Г. Токпеисов

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата Балхашского района Алматинской области 17 марта 2017 года № 33. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 6 апреля 2017 года № 4175

      В соответствии с подпунктом 8) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О занятости населения" и приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 26 мая 2016 года № 412 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13898), акимат Балхашского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства лиц, освобожденных из мест лишения свободы для организаций независимо от организационно - правовой формы и формы собственности в размере трех процентов от списочной численности работников организации.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Смагулова Сайрана Сейткемелулы.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Г. Токпеисов