Ескелді ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 243 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2017 жылы 26 желтоқсанда № 4449 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 сәуірдегі № 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ескелді ауданы әкімдігінің 19.04.2018 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ескелді ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Ескелді ауданы әкімдігінің "Ескелді ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3983 тіркелген, 2016 жылғы 3 қарашасында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ. Алибаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ескелді ауданының әкімі Б. Тәнекенов

  Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "6" желтоқсан № 243 қаулысымен бекітілген қосымша

Ескелді ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы
ата-аналардың бір айдағы төлемақы мөлшері (тенге)

3 жасқа дейін

3 жастан –
7 жасқа дейін

1

Ескелді ауданы әкімдігінің мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны "Балдырған" балалар бақшасы

90

-

8000

2

Ескелді ауданы әкімдігінің "Айгөлек" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

90

-

8000

3

Ескелді ауданы әкімдігінің "Қызғалдақ" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

6300

8000

4

Ескелді ауданы әкімдігінің "Күншуақ" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

-

8000

5

Ескелді ауданы әкімдігінің "Балапан" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

70

-

8000

6

Ескелді ауданы әкімдігінің "Айкүн" балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

90

-

8000

7

"Ескелді ауданы әкімдігінің Жаналық негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

25

-

8000

8

"Ескелді ауданы әкімдгінің Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

9

"Ескелді ауданы әкімдігінің Көктөбе орталау мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекеме

25

-

8000

10

"Ескелді ауданы әкімдігінің Мичурин атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

11

"Ескелді ауданы әкімдгінің Байысов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

12

"Ескелді ауданы әкімдігінің Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

13

"Ескелді ауданы әкімдігінің Жастар негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000

14

"Ескелді ауданы әкімдгінің Қаратал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

25

-

8000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады