Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 қазандағы № 15-8 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 1 қарашада № 3568 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 92 бабының 2 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесі бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2011 жылғы 22 қыркүйектегі № 39-9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1796 болып тіркелген, 2011 жылғы 29 қазандағы № 181 (17472) "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      А. Нұржанов Б. Қарашолақов

      Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы "6" қазандағы "Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесін бекіту" туралы" № 15-8 шешіміне келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы

      министрлігі Су ресурстары комитетінің

      төрағасы

      И.Әбішев

      6 қазан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитетінің Жамбыл облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау

      департаментінің басшысы

      Ж.Жарқынбеков

      6 қазан 2017 жыл

  Жамбыл облыстық мәслихатының
2017 жылғы "6" қазандағы
№15-8 шешімімен бекітілген

Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезiнде жер үстi және жер асты су объектiлерiнен су алу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 9 шілдедегі Су Кодексінің 92 бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және Жамбыл облысының халқын орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алудың тәртібін анықтайды.

      2. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде қызметтерді жүзеге асыратын және өз мұқтаждықтары үшін жеке және заңды тұлғаларға таралады. 

      3. Ережелерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауызсумен және (немесе) шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау (бұдан әрі – ауызсумен жабдықтау) - ауызсуды алуды, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды және су тұтынушыларға беруді қамтамасыз ететін технологиялық процесс;

      2) орталықтандырылмаған сумен жабдықтау-суды шығындау орындарына бермей, жинауға арналған, жалпы пайдалану үшін ашық немесе жеке пайдаланылатын құрылыстар;

      3) су жинағыш құрылыс - суды тұтынушыларға жеткізу мақсатында су жинайтын құрылыстар мен құрылғылардың кешені.

      4) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жер үсті суларын бұру мақсатында жер асты суларын алу үшін құрылған тереңдігі көлденең кесігінен үлкенірек тік тау-кен қазындысы;

      5) шегендеу құрылысы - табиғи жолмен шығып жатқан жер асты суларының ашылуын және пайдалану мақсатында олардың жер бетіне шығарылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылыс.

2. Орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға қойылатын талаптар

      4. Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-сумен жабдықтауға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ орталықтандырылмаған су көздерінің ауыз су сапасы өзінің құрамы мен қасиеті бойынша "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 209 бұйрығымен бекітілген "Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10774 болып тіркелген) сәйкес болуы тиіс.

      5. Арнайы су пайдалануға мынадай су тарту құрылыстарын: тереңдiгi жиырма метрге дейiнгi шахталы және құбырлы сүзгiлi құдықтарды, сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау үшiн пайдаланылмайтын су тұтқыш қабаттың үстiңгi бетінің бiрiншiсінен тәулiгiне барлық жағдайда елу текше метрден көп емес су алынып, деңгейi мәжбүрлi төмендетiлмей жұмыс iстейтiн шегендеу құрылыстарын пайдалану кезiнде рұқсат талап етiлмейдi.

3. Жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу тәртібі

      6. Халықты орталықтандырылмаған ауызсумен жабдықтау кезінде жеке және заңды тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органы су пайдалануды міндетті түрде тіркеп, тұтастай алғанда осы су объектілеріне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда тікелей жер үсті және жер асты су объектілерінен су алуға құқылы.

      7. Су пайдалану міндетті тіркеуді су объектісінің орналасқан жері бойынша "Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалануды міндетті тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі №19-02/183 бұйрығымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының су пайдалану міндетті тіркеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 21 маусымда №15240 болып тіркелген) сәйкес тиісті жергілікті атқарушы орган жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады