Рысқұлов ауылдық округіндегі Интернациональный ауылындағы Стахановская, Садовая, Зеленая, Школьная, Н.Щорс, Папанин көшелерінің атын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 2-09/36 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 3670 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рысқұлов ауылдық округі, Интернациональный ауылындағы Стахановская көшесі Талаптыға, Садовая көшесі Көкшетауға, Зеленая көшесі Теректіге, Школьная көшесі Көкжиекке, Н. Щорс көшесі Ақбастауға, Папанин көшесі Арнаға өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рысқұлов ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж. Бабалиеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Рысқұлов ауылдық округі
      әкімінің уақытша міндетін атқарушы Г. Макаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады