2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 107 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 сәуірде № 3405 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Шу ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Досаев

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 13 сәуірдегі
№ 107 қаулысына қосымша

2017 жылға арналған өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері


Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің түрлері

Егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуы

1
Дәндік жүгері
2017 жылғы 25 сәуірден – 25 мамыр аралығы
2
Жаздық арпа
2017 жылғы 25 сәуірден – 25 мамыр аралығы
3
Мақсары
2017 жылғы 25 сәуірден – 25 мамыр аралығы
4
Соя
2017 жылғы 25 сәуірден – 25 мамыр аралығы
5
Қант қызылшасы
2017 жылғы 25 сәуірден – 25 мамыр аралығы
6
Күздік бидай
2017 жылғы 5 қыркүйектен – 25 қазан аралығы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады