Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы №102 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 3423 болып тіркелді

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 03.08.2022 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына сәйкес, Шу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 03.08.2022 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 03.08.2022 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әлихан Әбілашұлы Балқыбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі Қ. Досаев

      Шу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 наурыздағы "Шу ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы" №102 қаулысына келісім парағы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жамбыл облысы ішкі істер

      департаментінің Шу аудандық

      ішкі істер бөлімі" мемлекеттік

      мекемесі

      Басшы Ш. Жапабаев

      "30" наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің

      Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау

      Департаментінің "Шу ауданы бойынша тұтынушылар

      құқығын қорғау басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      М. Болотин

      30 наурыз 2017 жыл

  Шу ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 30 наурыздағы
№102 қаулысына қосымша

Шу ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Шу ауданы әкімдігінің 03.08.2022 № 377 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет саласы

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

1

Ескі шу ауылдық округі, Белбасар ауылы, Шалибек Әзімбай көшесі, № 69 үйге қарама-қарсы

90

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

2

Қорағаты ауылдық округі, Мойынқұм ауылы, Сәду Шәкіров көшесі, "Аслан" дүкенінің оң жағында

10

"Аслан" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

3

Ақсу ауылдық округі, Ақсу ауылы, Сәкен Сейфуллин көшесі, "Күлжахан" тойханасының оң жағында

90

"Күлжахан" тойханасы

азық-түлік тауарлары

5

4

Бірлікүстем ауылдық округі, Бірлікүстем ауылы, Жарылқасын Масатбаев көшесі, № 28 үйдің сол жағында

20

"Әдемі" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

5

Көкқайнар ауылдық округі, Көкқайнар ауылы, Бұтабай Қосқұлақ көшесі, № 2 үйдің оң жағында

90

жоқ

азық-түлік тауарлары

5

6

Бірлік ауылдық округі, Бірлік ауылы, Мерке-Бурылбайтал тасжолының бойында орналасқан "Ақжол" дүкеніне қарама-қарсы

14

"Ақжол" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

7

Өндіріс ауылдық округі, Абай ауылы, Жақсыбай Жантөбетов көшесі, № 46 үйдің сол жағында

20

"Аяна" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

8

Далақайнар ауылы, Төле би көшесі, № 4 үйдің оң жағында

15

"Аят" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

9

Шоқпар ауылдық округі, Шоқпар ауылы, Балуан Шолақ көшесі, "Зейнеп" дүкеніне қарама-қарсы

20

"Зейнеп" дүкені

азық-түлік тауарлары

5

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады