Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдауға арналған бірыңғай тарифін белгілеу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 маусымдағы № 18/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 маусымда № 4280 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2003 жылдың 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қалалық қатынаста жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильдік тасымалдау тарифі барлық маршруттар үшін бірыңғай 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін.

      2. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 23 қарашадағы № 25/01 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-129 болып тіркелген, 2011 жылдың 16 желтоқсандағы "Шарайна" газетінің № 100-101 (1966, 1967) нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Б.Д. Жақсыбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Сәтбаев қалалық
      мәслихатының хатшысы Т.И. Хмилярчук

      2017 жыл 06 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады