2017 жылға арналған Саран қаласының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 08/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 4170 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, 2017 жылға арналған Саран қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. "2016 жылға арналған Саран қаласының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері туралы" Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылдың 10 тамызында № 3930 тіркелген Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 30/04 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Саран қаласы әкімінің
міндетін атқарушы
М. Кожухов

  Саран қаласы әкімдігінің
2017 жылғы " 16 " ақпандағы
№ 08/01 қаулысына
қосымша

Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, 2017 жылға арналған Саран қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

№ р/р
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік - аумақтық орналасуы
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының атауы
 
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
 
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері 3 жасқа дейін (теңге)
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарындағы ата-ананың бір айдағы ақы төлеу мөлшері 3 жастан 7 жасқа дейін (теңге)
1
Саран қаласы

"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Колокольчик" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
205
24459
8900
10200
2
Саран қаласы
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малыш" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
118
26474
8900
10200
3
Саран қаласы
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Березка" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
100
29322
8900
10200
4
Саран қаласы
 
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Колобок" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
121
31713
8900
10200
5
Ақтас кенті
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Аленушка" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
115
26592
8900
10200
6
Саран қаласы
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балғын" балалар бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
282
23872
8900
10200
7
Саран қаласы
"Саран қаласы әкімдігінің "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәуле" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
309
20427
8900
10200
8
Саран қаласы
"Бақыт" балалар бақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
305
17178
 
11000*
9
Ақтас кенті
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 16 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық
75
14058
 
9000
10
Саран қаласы
 
"Саран қаласы әкімдігінің, "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің № 7 жалпы білім беретін мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық
14
16173
 
9000
11
Ақтас кенті
Толық күнмен болатын мектепке дейінгі шағын орталық "РЫСТЫ GROUP" жеке кәсіпкерлігі
75
18903
 
10000*

      
      *Ата-ананың ақы төлеу мөлшері меншік иесімен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады