Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 45/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қарашада № 4454 болып тіркелді

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Абай ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Б. Кабдуалиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
М. Магзин

  2017 жылғы 08 қараша
№ 45/02
Абай ауданы әкімдігінің қаулысына
қосымша

      1. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 24/01 "Юбилейное селосының Майбұрнақ қыстағы аумағында орналасқан "Ата" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2677 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 шілдедегі № 28 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 17 шілдеде жарияланған).

      2. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 09/01 "Сәрепті селосы Қойбас елді мекені аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2589 болып тіркелген, 2014 жылғы 19 сәуіріндегі № 16 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылдың 23 сәуірінде жарияланған).

      3. Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 19/02 "Шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-9-114 болып тіркелген, 2011 жылғы 5 қарашадағы № 44 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады