Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 тамызда № 5947 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері бекітілсін.

      2. "2017 жылы Қызылорда облысы спортшыларының әлеуметтік қорғалуы мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкiмдiгiнің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 712 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5746 нөмірімен болып тіркелген, 2017 жылдың 18 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Қ. Ысқақов

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" шілдедегі № 846 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері

Жарыстардың атаулары

Алған орны

Ай сайын ақшалай үлес мөлшері

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада ойындары
 

1-орын

2075 АЕК

2-орын

1500 АЕК

3-орын

1000 АЕК

4-орын

300 АЕК

5-орын

200 АЕК

6-орын

100 АЕК

Жазғы, қысқы Сурдлимпиада ойындары
 

1-орын

1500 АЕК

2-орын

1000 АЕК

3-орын

300 АЕК

4-орын

200 АЕК

5-орын

100 АЕК

6-орын

80 АЕК

Әлем чемпионаты (олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша) ересектер арасында

1-орын

550 АЕК

2-орын

500 АЕК

3-орын

300 АЕК

Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ересектер арасында

1-орын

150 АЕК

2-орын

100 АЕК

3-орын

80 АЕК

Жазғы, қысқы Азия, Параазия ойындары, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары, Дүниежүзілік универсиада

1-орын

180 АЕК

2-орын

150 АЕК

3-орын

120 АЕК

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары

1-орын

150 АЕК

2-орын

100 АЕК

3-орын

80 АЕК

Азия чемпионаты (олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша) ересектер арасында

1-орын

100 АЕК

2-орын

80 АЕК

3-орын

60 АЕК

Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) ересектер арасында

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Әлем Кубогі, әскерилер арасында Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша)

1-орын

100 АЕК

2-орын

80 АЕК

3-орын

60 АЕК

Әлем чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар арасында

1-орын

80 АЕК

2-орын

70 АЕК

3-орын

60 АЕК

Әлем чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) жастар арасында

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Азия чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар, жасөспірімдер арасында

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Азия чемпионаты (олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша) жастар, жасөспірімдер арасында

1-орын

45 АЕК

2-орын

35 АЕК

3-орын

25 АЕК

Қазақстан Республикасының чемпионаты, Қазақстан Республикасының жазғы, қысқы Спартакиадасы (олимпиадалық спорт түрлері бойынша), Қазақстан Республикасының Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

60 АЕК

2-орын

50 АЕК

3-орын

40 АЕК

Жазғы, қысқы Жастар ойындары, Қазақстан Республикасының чемпионаты (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) жастар арасында

1-орын

35 АЕК

2-орын

25 АЕК

3-орын

20 АЕК


      Аббревиатураның т№ 712олық жазылуы:

      АЕК – айлық есептік көрсеткіш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады