Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 19 қазандағы № 244 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қарашада № 3457 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы әкімдігінің 24.08.2023 № 130 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 181 "Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы" қаулысына (нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2009 болып тіркелген, "Маңғыстау" газетінде 2008 жылғы 13 мамырдағы № 73 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.О. Сағынбаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының 

      табиғи ресурстар және табиғат 

      пайдалануды реттеу басқармасы" 

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      "19" қазан 2017 жыл

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы 19 қазандағы
№ 244 қаулысына қосымша

1. Ақтау, Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

      "Ақтау,Форт-Шевченко қалаларында, Құрық ауылы және Кендірлі демалыс аймағында Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін кұру" бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес мыналар белгіленеді:

      1. Ақтау қаласы аумағының су қорғау аймағының көлемі мен шекарасы, бекітілген бас жоспарға сәйкес кұрылыс салу және жоспарлаудың нақты талаптар тұрғысынан;

      Ақтау қаласы аумағы бойынша Каспий теңізінің жағалауында су қорғау аймағының 96,0 км созылатын ені, Строительная көшесінің, Қазақстан Республикасының Президенті даңғылының шекарасына дейін және әрі қарай асфальт жолы бойымен Өмірзақ ауылына дейін минус 27,0 метрге тең, соңғы он жылдықтағы теңіздің орташа көпжылдық деңгейінің белгісінен алынады;

      Ақтау қаласы аумағының теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, оның аса бағалы балық шаруашылығындық маңызы бар маңайындағы жердің еңісі мен сипатына қарамастан кемінде 100 м қабылданады;

      Ақтау қаласында ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болған жағдайда су қорғау белдеуінің шекарасы жағалаудағы қалқаншамен қосылады.

      2. Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы аумағы бойынша Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау аймағы енінің ұзындығы 38,5 км, Құрық ауылының ұзындығы 61,0 км және Қарақия ауданының Кендірлі демалыс аймағында 89,0 км, соңғы он жылдықта минус 27,0 метрге тең теңіздің орташа көпжылдық деңгейі 2000 метр белгісінен алынды;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Форт-Шевченко, Құрық ауылы аумағындағы және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы теңіздік мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы ұзындығы 1,12 км Каспий теңізінің жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, жерінің еңістігі мен іргелес жатқан сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады;

      Түпқараған ауданының Аташ, Баутино қойнауындағы мұнай операциялары базасының төгінді алаңындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау аймағының шекарасы, Аташ базасының шекарасындағы жақтаумен қосылады және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасының басымен иіліп қосылады;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Форт-Шевченко қаласы, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы ұзындығы 1,369 км және Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино аулындағы теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасының төгінді алаңындағы 1,61 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеулерінен басқа, жерлердің еңістігі мен іргелес жатқан сипатынан қарамастан, кемінде 100 метр болып қабылданады;

      Теңіз мұнай кен орындарын жайластыруға арналған металл құрылымдары зауытын орналастыру үшін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданында Түпқараған бұғазының Шығыс жағалауындағы төгінді өндірістік алаңындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғалары жағынан Каспий теңізінің орташа деңгейінен 35 метр, солтүстік және оңтүстік жағынан 20 метр болып белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен тік бұрышта қосылады;

      Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино аулындағы Теңіз мұнай операцияларын қолдау төгінді базасындағы теңіз учаскелеріне арналған су қорғау белдеулерінің шекарасы, айлақ қабырғасына қарсы беттегі шекарасы мен жақтауы бойынша, база алаңының шекарасында және Каспий теңізінің орташа деңгейінен 10 метр қашықтықта жақтауы бойынша қаптал жақ құламаларының бойымен белгіленеді және Каспий теңізінің су қорғау белдеуінің қазіргі шекарасымен қосылады;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, бекітілген жобалық құжаттама негізіндегі бұрғылау ерітінділері цехын, теңіздік мұнай операцияларын қолдау базасын орналастыруға Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Баутино ауылы ауданындағы Түпқараған бұғазының солтүстік-батыс жағалауының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағытына биіктігі 50 см жиекқабырға жайғастырылған, жағалық бекітпе имараты құрылысымен бекітілген, теңіздің жағалау жиегімен түйісетін және биіктігі 50 см жиекқабырға мен кеме тоқтайтын қабырғасы бар, бұрғылау ерітінділері цехының төгінді түрде жасалған жасанды өндірістік алаңындағы ұзындығы 4,075 км Каспий теңізі жағалауындағы су қорғау белдеуінен басқа, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады;

      Цех алаңының шекарасындағы, бұрғылау ерітінділері цехының өндірістік алаңы мен теңіз жағалауының жағалау жиегі ауданындағы теңіздің табиғи жағалау жиегінен 100 метр қашықтықта өтетін су қорғау белдеуінің әрекет үстіндегі шекарасы, теңіздің соңғы онжылдықта минус 27,0 метрге тең, орта-көпжылдық деңгейі белгісінен ені 35,0 метр болып белгіленген, цех алаңының солтүстік, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттағы шекарасынан, цехтың өндірістік алаңының және жағалаулық бекітпе имаратының жиекқабырғасымен түйісетін су қорғау белдеуінің шекарасымен ауыстырылсын;

      Ерекше бағалы балық шаруашылығы үшін маңызы бар Ақтау, Форт-Шевченко қалалары, Құрық ауылы аумағының және Кендірлі демалыс аймағындағы теңіз учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің еніне, іргелес жердің еңістігі мен сипатына қарамастан, кемінде 100 метр қабылданады, ал елді мекендерде қашықтығы Ақтау қаласы - 83,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері С (4953315; 10034132) Д (4862525; 10065137), Форт-Шевченко қаласы - 19,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері А (4994790; 9985280) В (4993680; 9981590), Құрық ауылы - 12,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Е (4842890; 10079230) F (4838320; 10087670), Кендірлі демалыс аймағында - 7,0 км (су қорғау белдеу шекарасының ауыстыру координаттарының нүктелері Т (4795800; 10149610) U (4787830; 10157500) учаскеде, бекітілген жобалық - сметалық құжаттаманың негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр тағайындалады;

      Түпқараған ауданы Баутино ауылындағы теңіздік операцияларын қолдау базасындағы теңіз учаскесі үшін бекітілген жобалық-сметалық құжаттама негізінде су қорғау белдеуінің ең аз ені 35 метр, бұрынғы болған ұзындығы 377,32 метр, су қорғау белдеуінің шекарасы топырақ үйінді жағынан ұзындығы 289,77 метрге ауыстырылсын (су қорғау белдеу шекарасының координаты А нүктесінен (х=440772,6; у=4934146,7) Ж нүктесіне дейін (х=440817,5; у=4934419,5).

      3. Су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзге де мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, осылардың шекарасы мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді.

      4. Су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беруді, жергілікті атқарушы органдар, су қорының қоршаған ортаны қорғау және қорғау саласындағы уәкілетті органдарының келісімі бойынша жүргізеді.

2. Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында ұзындығы 1115 шақырым су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу

      1. "Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жұмыс жобасына сәйкес мыналар белгіленеді:

      1) Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ені, бөліктері бойынша:

      Атырау облысы (45Ү 3' 10" солтүстік ендік, 54Ү 11' 24" шығыс бойлық) – Форт-Шевченко (44Ү 37' 29" солтүстік ендік, 50Ү 33' 46" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 898 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады,

      Форт-Шевченко (44Ү 19' 48" солтүстік ендік, 54Ү 11' 24" шығыс бойлық) – Ақтау (44Ү 4' 30" солтүстік ендік, 50Ү 57' 30" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 60 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады,

       Ақтау (43Ү 20' 24" солтүстік ендік, 51Ү 19' 18" шығыс бойлық) – Құрық (43Ү 11' 10" солтүстік ендік, 51Ү 16' 48" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 15,0 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады,

      Құрық (42Ү 57' 0" солтүстік ендік, 51Ү 48' 29" шығыс бойлық) – Кендірлі (42Ү 52' 21" солтүстік ендік, 52Ү 12' 39" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы

      68 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып қабылданады,

       Кендірлі (42Ү 22' 9" солтүстік ендік, 52Ү 37' 22" шығыс бойлық) – Түркіменстан Республикасының мемлекеттік шекарасы (41Ү 46' 22" солтүстік ендік, 52Ү 26' 43" шығыс бойлық) бөлігінің ұзындығы 74 шақырым, ені тиісінше 2000-100 метр болып бекітілген жобалық құжаттаманың негізінде соңғы он жылдықта Каспий теңізінің минус 27,0 метрге тең орташа көпжылдық деңгейі белгісінен қабылданады; 

      2) су қорғау аймақтарын ұйымдастыру, сумен жабдықтау, курорттық, сауықтыру және халықтың өзгеде мұқтажы үшін пайдаланылатын су көздерінің санитарлық қорғау аймақтарын құруды жоққа шығармайды, осылардың шекарасы мен көлемі халықтың, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді;

      3) су қорғау аймақтары мен белдеулерінде жер учаскелерін беруді, жергілікті атқарушы органдар, су қорын пайдалану және қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың және өздерiнiң құзыретi шегiнде жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның келісімі бойынша жүргізеді.

      Ескерту:

      Аббревиатураларды ажыратып жазу:

      км – километр

      см – сантиметр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады