Мұнайлы ауданының аумағында cтационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңартылған

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қарашадағы № 238-қ қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 30 қарашада № 3468 болып тіркелді.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 29.12.2023 № 300-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1-тармағына (нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Мұнайлы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 29.12.2023 № 300-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      Ескерту. 1 - тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 29.12.2023 № 300-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Қаржаубай) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі №174-қ "Мұнайлы ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3082 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдедегі №42-43 "Мұнайлы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Сүлейменовке жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Н.Тәжібаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.Т. Арыстанов

      "17" қараша 2017 жыл

      "Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі

      қоғамдық денсаулық сақтау комитеті

      Маңғыстау облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.О.Исаева

      "17" қараша 2017 жыл

      "Мұнайлы аудандық жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ә.Б.Өтегенов

      "17" қараша 2017 жыл

      "Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік

      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Н.С.Қаржаубай

      "17" қараша 2017 жыл

      "Мұнайлы аудандық сәулет және

      қала құрылысы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.Қ. Кобегенов 

      "17" қараша 2017 жыл

      "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық

      шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Т.Әбдіхалық

      "17" қараша 2017 жыл

      "Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті

      Мұнайлы ауданының ішкі істер бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      А.Б.Жақсыбаев

      "17" қараша 2017 жыл

  Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "20 қараша
  № 238 қаулысымен бекітілген

Мұнайлы ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 29.12.2023 № 300-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Орналасу орны

Алатын алаңы (шаршы метр)

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

Қызмет
саласы

Маңғыстау ауылы

1

№2/46 учаскеде орналасқан "Андакулов" жеке кәсіпкерінің автогаз құю станциясына қарама-қарсы

128

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

2

24 орамның №10/3 учаскесінде орналасқан "Дана" супермаркетіне қарама-қарсы

96

5

"Дана" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

3

"Бесшоқы" тұрғын үй массивінің №471/2 учаскесінде орналасқан "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының полиция департаменті Мұнайлы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесінің №3 учаскелік полиция пунктінің алдында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

4

"Шерқала" тұрғын үй массивінің №410/3 учаскесінде орналасқан "Салтанат" сауда орталығына қарама-қарсы

160

5

"Салтанат" сауда орталығы

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

5

№2/54 учаскеде орналасқан "ASEL" автогаз құю станциясына қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Баянды ауылы

6

"Баянды-2" тұрғын үй массивіндегі "Кәусар" кондитерлік дүкеніне қарама-қарсы орналасқан №119 учаскенің сол жағында

64

5

"Кәусар" кондитерлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

7

Ж.Нұрлаев көшесінде орналасқан "Талғат" азық-түлік дүкенінің оң жағында

64

5

"Талғат" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

8

№2/3 учаскеде орналасқан "Қашқынбаев" жеке кәсіпкерінің автогаз құю станциясына қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

9

"Баянды-2" тұрғын үй массивіндегі "Зере" тігін шеберханасының сол жағында орналасқан №214 учаскеге қарама-қарсы

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

10

№9/8 учаскеде орналасқан "Ақжол" азық-түлік дүкенінің сол жағында

64

5

"Ақжол" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Қызылтөбе ауылдық округі

11

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивіндегі "Жамила" құрылыс дүкенінің сол жағында орналасқан №2009 учаскеге қарама-қарсы

96

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

12

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивінің №1608 учаскесінде орналасқан "Байғазы" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

64

5

"Байғазы" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

13

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивінің №801 учаскесінде орналасқан "Айгүл" азық-түлік дүкеніне қарама-қарсы

80

5

"Айгүл" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

14

"Бірлік" тұрғын үй массивінің №19/1 учаскесінде орналасқан "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамының ғимаратының оң жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

15

Ш.Уалиханов көшесінің №8/11 учаскесінде орналасқан "Ер-Қосай" мейрамханасының оң жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

16

"Қызылтөбе-2" тұрғын үй массивіндегі "Өркен" шағын маркетінің сол жағында орналасқан №34 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

"Өркен" шағын маркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Атамекен ауылдық округі

17

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №37/17 учаскесінде орналасқан "Ас-Мир" фотосалонына қарама-қарсы

64

5

 
"Рахат" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

18

"Туған-ел" тұрғын үй массивінің Балауса көшесіндегі "Adal et" ет дүкеніне қарама-қарсы орналасқан №102 учаскенің сол жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

19

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №1/3 учаскесінде орналасқан "Айдын" азық-түлік дүкенінің оң жағында

64

5

 
"Айдын" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

20

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №1/2 учаскесінде орналасқан "Али" супермаркетінің оң жағында

64

5

"Али" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

21

"Қаламқас" тұрғын үй массивінің №358/2 учаскесінде орналасқан "Рахат" супермаркетінің оң жағында

 
64

 
5

"Рахат" супермаркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

22

№2/17 учаскеде орналасқан "Тайқазан" мейрамханасының оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

23

"Шағала" тұрғын үй массивіндегі "Гараж 12 Region" техникалық қызмет көрсету станциясының оң жағында орналасқан №196 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

24

№2/75 учаскесінде орналасқан "LPG Trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің автогаз құю станциясының оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Басқұдық ауылдық округі

25

"Самал" тұрғын үй массивінің №2/6 учаскесінде орналасқан "Сұлтан" кафесінің оң жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

26

"Самал" тұрғын үй массивінің Жұлдыз көшесіндегі "Safiya" сауда орталығының жанында орналасқан №1/2 учаскеге қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

27

"Рахат" тұрғын үй массивінің Шуақ көшесіндегі "Нұрбаулы" шағын маркетіне қарама-қарсы орналасқан №28 учаскенің сол жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

28

"Алау" тұрғын үй массивіндегі 1 орамның №43/3 учаскесінде орналасқан "Төлей-Ишан" мешітіне қарама-қарсы

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

29

"Болашақ" тұрғын үй массивінің Достық көшесіндегі "Бек" азық-түлік дүкенінің жанында орналасқан №893 учаскенің сол жағында

 
64

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

30

"Болашақ" тұрғын үй массивінің Әділет көшесіндегі №745/1 учаскесінде орналасқан "Нұрсәт" шағын маркетіне қарама-қарсы

 
64

 
5

 
"Нұрсәт" шағын маркеті

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Дәулет ауылдық округі

31

"Жаңа Дәулет" тұрғын үй массивінің №758/1 учаскесінде орналасқан "Игілік" азық-түлік дүкенінің сол жағында

 
64

 
5

"Игілік" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

32

І.Сариев көшесінің №94/3 учаскесінде орналасқан "Ақжол" азық-түлік дүкенінің сол жағында

 
64

 
5

 
"Ақжол" азық-түлік дүкені

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

33

12 орамның №57/6 учаскесінде орналасқан "Жолай" авто көлік жуу орнының сол жағында

 
32

 
5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

Батыр ауылдық округі

34

"Астана" шағын ауданының 1 көшесіндегі №23 учаскеде орналасқан "Medina" медициналық орталығына қарама-қарсы

160

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу

35

"Хазар" шағын ауданының 4 көшесіндегі №1 учаскеде орналасқан "Балерке" азық-түлік дүкенінің сол жағында

64

5

жоқ

ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады