Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылы әкімінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 27 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 3274 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес және Баянды ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 24 қазандағы №10-11-4152 ақпараттық хатының негізінде, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №18 "Баянды-1 тұрғын үй массивіндегі тұрғын үйлердің көше аттарын өзгерту туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-8 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баянды ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      2) Баянды ауылы әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №24 "Баянды селосының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы" шешімінде (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-7 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 шілдедегі №28 (31) "Мұнайлы" газетінде жарияланған):
      көрсетілген шешімнің тақырыбы және кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Баянды ауылының әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы";
      "Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, сонымен қатар Баянды ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, Баянды ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
      2. "Баянды ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Р.Таймуратов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Р.Таймуратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады