Маслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 "Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 132 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 7012 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 11-бабы 1-тармағына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 352 "Рудный қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін және жер аймақтары шекараларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3748 тіркелген, 2011 жылғы 11 қаңтарда "Қостанай таңы" және "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рудный қаласының бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы";
      2-тармағы жана редакцияда жазылсын:
      "2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары бекітілсін.";
      жоғарыда көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Рудный қаласының жерлері бағалау аймақтарының шекаралары".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Ахметов
      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Қостанай облысы әкімдігінің
      жер қатынастары басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________ Н. Абдуов
      2017 жылғы 15 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады