Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлерін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 532 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 7333 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 31 қазандағы
№ 532 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қостанай облысы әкімдігінің 19.07.2023 № 299 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Спорт түрлері, спорттың ойын түрлері бойынша жарыстардың жіктелуі

Орын

Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

спортшы

жаттықтырушы

клубтық команданың жетекшісі

1

Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

250

25

3

2-орын

220

22

3

3-орын

200

20

3

4-орын

180

18

3

5-орын

160

16

3

6-орын

140

14

3

лицензия

120

12

3

2

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер)

1-орын

150

15

3

2-орын

130

13

3

3-орын

120

12

3

3

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия ойындары (ересектер)

1-орын

120

12

3

2-орын

110

11

3

3-орын

100

10

3

4

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары, Дүниежүзілік Универсиада

1-орын

70

7

3

2-орын

50

5

3

3-орын

40

4

3

5

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем кубогы, Азия чемпионаты (ересектер)

1-орын

80

8

3

2-орын

70

7

3

3-орын

60

6

3

6

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты

1-орын

70

7

3

2-орын

60

6

3

3-орын

50

5

3

7

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша әлем чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6

3

2-орын

50

5

3

3-орын

40

4

3

8

Олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

60

6

3

2-орын

30

3

3

3-орын

20

3

3

9

Олимпиадалық емес спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер)

1-орын

20

3

3

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады