Жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы Пригородный ауылы әкімінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 25 қаңтарда № 7493 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданы Пригородное ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жітіқара ауданы Пригородное ауылының аумағында орналасқан, "Тобыл-Жітіқара" магистралды талшықты-оптикалық байланыс желісі" объектісін пайдалану үшін "Транстелеком" акционерлік қоғамына алаңы 1,01 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы алқаптары (жайылымдары) 0,67 га, басқа да алқаптар (өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер) 0,34 га жер учаскесіне 49 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жер пайдалану құқығы белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданының Пригородный ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы шешімді аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Пригородный ауылының әкімі Ж. Идильбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады