2018 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 7457 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына, 62-бабының 6-тармағына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға арналған Ұзынкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалу бақылауы аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абишев

  Әкімдіктің
2017 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 253 қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған Ұзынкөл ауданының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

№ р/с

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының әкімшілік -аумақтық орналасуы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының атауы

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата-ананың бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құның бір айдағы мөлшері (теңге)

1

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Айгөлек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

140

28632

3 жасқа дейін – 8500
3-7 жас аралығы – 9800

2

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны"

55

39356

3 жасқа дейін – 6900
3-7 жас аралығы - 7360

3

Ұзынкөл ауданы, Ұзынкөл ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің "Сәуле" бөбектер - бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

90

33725

3 жасқа дейін – 6600
3-7 жас аралығы – 7700

4

Ұзынкөл ауданы, Новопокровка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

25

28280

3 жасқа дейін – 6700
3-7 жас аралығы – 7900

5

Ұзынкөл ауданы, Пресногорьковка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Солнышко" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

40

30023

3 жасқа дейін – 6310
3-7 жас аралығы – 6914

6

Ұзынкөл ауданы, Миролюбовка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

20

33725

3 жасқа дейін – 6000
3-7 жас аралығы – 6500

7

Ұзынкөл ауданы, Ершовка ауылы

"Ұзынкөл ауданы әкімдігінің Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің" "Нұрбөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

45

28376

3 жасқа дейін – 7400
3-7 жас аралығы – 7800

8

Ұзынкөл ауданы, Обаған ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Обаған орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын-орталық

20

25638

бір жас алты айдан бастап 3960
3-7 жас аралығы – 3960

9

Ұзынкөл ауданы, Суворово ауылы

"Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Суворов орта мектебі " коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы шағын-орталық

35

14650

бір жас алты айдан бастап 3960
3-7 жас аралығы 3960


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады