2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 395/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 желтоқсанда № 5755 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 8-бабы 1-тармағы 20-5) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
      2017 жылғы "05" желтоқсан

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2017 жылғы
"7" желтоқсандағы
№ 395/6 қаулысымен
бекітілді

2018 - 2019 жылдарға арналған Павлодар облысының
спорттың басым түрлерінің өңірлік тізбесі

Топтар атауы

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің атауы

Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Паралимпиадалық спорт түрлерінің атауы

Ұлттық спорт түрлерінің атауы

1

2

3

4

5

6

"А" тобы

Джиу-джитсу
Муайтай
Пауэрлифтинг
Спорттық акробатика
Шахмат

Баскетбол
Бокс
Велосипед спорты
Волейбол
Еркін күрес
Дзюдо
Жеңіл атлетика
Жүзу
Оқ ату
Көркем гимнастика

Биатлон
Шаңғы жарысы
Шайбалы хоккей

Жеңіл атлетика Шаңғы жарысы
Үстел теннисі
Пауэрлифтинг
Жүзу
Оқ ату
Садақ ату

Көкпар
Қазақ күресі
Тоғызқұмалақ

"В" тобы

Армрестлинг
Бодибилдинг
Гір спорты
Сурдо жүзу
Президенттік көпсайыс
Самбо
Спорттық би
Таеквондо сурдо
Таеквондо ITF
Дойбы
Сурдо дойбы

Гандбол
Грек-рим күресі
Үстел теннисі
Спорттық гимнастика
Таеквондо WTF
Футбол

Коньки спорты
Шорт-трек


Аударыспақ
Құсбегілік (саятшылық) Теңге алу

"С" тобы

Автоспорт
Бильярд спорты
Белбеу күресі
Каратэ кекушинкай
Кикбоксинг
Жағажай футболы
Балық аулау спорты
Спорттық бағдарлау
Спорттық туризм

Академиялық есу
Байдаркадамен каноэде есу
Батутта және акробатикалық жолда секіру
Регби
Құзға өрмелеу
Стенд ату
Садақ ату
Теннис
Триатлон
Ауыр атлетика

Тау шаңғы спорты
Мәнерлеп сырғанау
Фристайл


Асық ату
Бәйге
Қыз қуу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады