Кенжекөл ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 15 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 03 қарашада № 5670 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімінің 19.02.2018 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Павлодар қаласының әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі қалалық комиссия отырысының 2017 жылғы 22 маусымдағы № 3 хаттамасы негізінде, Павлодар қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар қаласының Кенжекөл ауылында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А. Б. Балашов төтенше жағдайды жоюдың басшысы болып тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар қаласының әкімі Н. Әшімбетов

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба в селе Кенжеколь

Решение акима города Павлодара Павлодарской области от 30 октября 2017 года № 15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 03 ноября 2017 года № 5670. Утратило силу решением акима города Павлодара Павлодарской области от 19 февраля 2018 года № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением акима города Павлодара Павлодарской области от 19.02.2018 № 1 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", на основании протокола заседания городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций при акимате города Павлодара от 22 июня 2017 года № 3, аким города Павлодара РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба в селе Кенжеколь города Павлодара.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Павлодара Балашова А. Б. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким города Павлодара Н. Ашимбетов