Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 4 ақпандағы "Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары мүшелерінің сайлауларын өткізу бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 1 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 ақпанда № 5384 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес Ақсу қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ақсу қаласы әкімінің 2014 жылғы 4 ақпандағы "Ақсу қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының, жергілікті өзін-өзі басқарудың өзге де органдары мүшелерінің сайлауларын өткізу бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3718 болып тіркелді, 2014 жылғы 5 наурызда "Ақсу жолы", "Новый путь" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасындағы барлық мәтін бойынша:
      "Царев" деген сөзі "Бауыржан Момышұлы" деген сөздеріне ауыстырылсын, "Энтузиастов" деген сөзі "Мәншүк Мәметова" деген сөздеріне ауыстырылсын, "Заводская" деген сөзі "Николай Бердников" деген сөздеріне ауыстырылсын, "Кооперативная" деген сөзі "Иван Суптель" деген сөздеріне ауыстырылсын, "Советов" деген сөзі "Әлия Молдағұлова" деген сөздеріне ауыстырылсын, "Молодежная" деген сөзі "Хиуаз Доспанова" деген сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Н. Дүйсимбинов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Ақсу қалалық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы С. Жақыпов
      2017 жылғы 6 ақпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады