Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылы көшелерінің атауларын қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы № 2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 31 қаңтарда № 5355 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылы тұрғындарының пікірлерін ескере отырып және 2016 жылғы 21 қарашадағы облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде Жаңақұрылыс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Качир ауданы Жаңақұрылыс ауылдық округі Трофимовка ауылының мына көшелерінің атаулары:
      "Степная" көшесі "Батыр Баян" көшесіне;
      "Мира" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;
      "Совхозная" көшесі "Тәуелсіздік" көшесіне қайта аталсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жаңақұрылыс ауылдық
      округінің әкімі Б. Капбасова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады