Качир ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Качир ауданы Федоровка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 қарашадағы № 25 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 қарашада № 5710 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2017 жылғы 15 тамыздағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Федоровка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Качир ауданы Федоровка ауылдық округі Федоровка ауылының келесі көшелері:

      "Фрунзе" көшесі "Бастау" көшесі болып;

      "Советов" көшесі "Ақжол" көшесі болып;

      "Ленин" көшесі "Жұлдыз" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Федоровка ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы Е. Куставлетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады