Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Лебяжі аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 2/45 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Лебяжі аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 125/20 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 9 қаңтарда № 5799 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4-тармақшасына сәйкес, Лебяжі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лебяжі аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі "Лебяжі аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 2/45 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4729 тіркелген, 2015 жылғы 7 қазандағы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы Қ. Жиеналин
      Аудандық мәслихат хатшысы С. Мүсінова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады