Май ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы "Май ауданында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 93/5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 25 шілдедегі № 139/7 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 22 тамызда № 5603 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабы 4-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес Май ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Май ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 мамырдағы "Май ауданында 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" № 93/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5523 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 маусымда аудандық "Шамшырақ" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының орыс тіліндегі қосымшасының алтыншы бағанының атауында "образования" сөзі алынсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Кантарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады