Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 3/53 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 3/23 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 5768 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі "Май аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 қыркүйекте № 4732 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2015 жылғы 03 қазанда № 40, 2015 жылғы 10 қазанда № 41 жарияланған) № 3/53 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Май аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Байғалиев
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады