Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 қыркүйектегі "Успен ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 271/49 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 110/23 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 5785 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 02 қыркүйектегі "Успен ауданы мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 271/49 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4710 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қыркүйектегі "Аймақ ажары" және "Огни села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы Р. Бечелова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады