V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХIХ сессиясының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 135 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 25 тамызда № 1401 болып тiркелдi. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 100 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4 тармағына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XXVІІ сессиясының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 "Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 1067 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 маусымда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде алғашқы ресми жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіндегі:

      8 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);";

      8 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын мекенжай анықтамасы;";

      8 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Р. Бадаеваға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VІ сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
ХІХ сессиясының төрағасы
М. Хасенов
      VІ сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Қ. Қазанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады