Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы"

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 04 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 сәуірде № 1366 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11 сәуірдегі 2019 жылғы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11.04.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 23-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті және мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 1034 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 51-52 (12728-12729) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған шешімнің қосымшасындағы № 42, 44 сайлау учаскелерінің шекаралары және № 61, 63, 103, 111 сайлау учаскелерінің орталықтары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін;

      2) № 73, 87 сайлау учаскелеріндегі "Мирзоян" көшесінің атауы "Шөкин" көшесі атауына өзгертілсін.

      2. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, кейіннен ресми мерзімді басылымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік

      құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және Алмалы ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Қ. Әбілқақоваға жүктелсін.

      4. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбек бойынша он күн өткенен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. Е. Бейсеуов

  Алматы қаласы Алмалы ауданы
әкімінің 2017 жылғы 14 наурыз
№ 04 шешіміне
қосымша

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелері № 42 сайлау учаскесі Орталығы: 050005, Алматы қаласы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 35,
"№ 96 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
телефон: 377-48-74, 240-59-90

      Шекаралары: Төле би көшесінен Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауынан Дүйсенов көшесіне дейін, Дүйсенов көшесінің жұп санды жағымен 21,26,27,28,29 үйлерін қоспағанда Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тлендиев көшесінің тақ санды жағымен Төле би көшесіне дейін; Төле би көшесінің тақ санды жағымен Үлкен Алматы көшесіне дейін.

№ 44 сайлау учаскесі Орталығы: 050005, Алматы қаласы, Нұрғиса Тілендиев көшесі, 35,
"№ 96 жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі,
телефон: 377-48-74, 240-59-90

      Шекаралары: Нұрғиса Тілендиев көшесінен Дүйсенов көшесінің тақ санды жағымен Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауына дейін; Үлкен Алматы өзенінің шығыс жағалауымен Грановский көшесіне дейін; Грановский көшесінің тақ санды жағымен Кавказская көшесіне дейін; Кавказская көшесінің жұп санды жағымен Даргомыжский көшесіне дейін; Даргомыжский көшесінің тақ санды жағымен № 96 орта мектептің солтүстік шекарасына дейін; № 96 орта мектептің солтүстік шекарасы бойынан Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін; Нұрғиса Тілендиев көшесінің тақ санды жағымен Дүйсенов көшесіндегі 21,26,27,28,29 үйлерді қоса.

№ 61 сайлау учаскесі Орталығы: 050009, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 9, "№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
телефон: 375-99-47, 375-99-45

      Шекаралары: Розыбакиев көшесінен Бөгенбай батыр көшесінің жұп санды жағымен Жароков көшесіне дейін; Жароков көшесінің тақ санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің тақ санды жағымен Розыбакиев көшесіне дейін; Розыбакиев көшесінің жұп санды жағымен Бөгенбай батыр көшесіне дейін; Бөгенбай батыр көшесіндегі, № 300 үйді шығара.

№ 63 сайлау учаскесі Орталығы: 050009, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 9, "№79 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
телефон: 375-99-47, 375-99-45

      Шекаралары: Гагарин даңғылымен Төле би көшесінен 8 – Линия көшесіне дейін; 8 – Линия көшесінің тақ санды жағымен Қарасай батыр көшесіне дейін; Қарасай батыр көшесінің тақ санды жағымен Жароков көшесіне дейін; Жароков көшесінің жұп санды жағымен Бөгенбай батыр көшесіне дейін; Бөгенбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Гагарин даңғылына дейін; Гагарин даңғылының жұп санды жағымен Төле би көшесіне дейін.

№ 103 сайлау учаскесі Орталығы: 050000, Алматы қаласы, Шәріпов көшесі, 25/27,
"Әди Шәріпов атындағы №16 жалпы білім беретін мектеп", коммуналдық
мемлекеттік мекемесі, тел. 239-92-60.

      Шекаралары: Мұратбаев көшесінен Гоголь көшесінің тақ санды жағымен Есентай өзенінің шығыс жағалауына дейін; Есентай өзенінің шығыс жағалауымен Мақатаев көшесіне дейін; Мақатаев көшесінің жұп санды жағымен Шегабутдинов көшесіне дейін; Шегабутдинов көшесінің тақ санды жағымен Жібек жолы даңғылына дейін; Жібек жолы даңғылының тақ санды жағымен Мұратбаев көшесіне дейін; Мұратбаев көшесінің тақ санды жағымен Гоголь көшесіне дейін.

№ 111 сайлау учаскесі Орталығы: 050000, Алматы қаласы, Панфилов көшесі, 127,
"Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы", тел: 272-43-98

      Шекаралары: Абылай хан даңғылынан Қазыбек би көшесінің жұп санды жағымен Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесінің тақ санды жағымен Құрманғазы көшесіне дейін; Құрманғазы көшесінің тақ санды жағымен Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен Қазыбек би көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады